Жаңаталаптағы жаңа көпір қолданысқа берілді

Аталған көпір Жаңаталап тұрғын алабын орталықпен байланыстырып тұрған негізгі жолдың бойында орналасқан

Malim Админ

  • 20.10.2024

Шымкент қаласының әкімі Ғ.Сыздықбеков Тұран ауданы, Жаңаталап тұрғын алабында тұрғындармен көшпелі кездесу өткізді. 
Кездесу барысында Жаңаталап шағын ауданында қала әкімі тұрғындармен бірге жаңа көпірдің ашылу салтанатына қатысты. 

Естеріңізге сала кетейік, осы жазда жауын-шашынның көп болуына байланысты Бадам өзені суы күрт көтеріліп кетуіне байланысты 2-тіректің түбін шайған. Соның нәтижесінде тіректің іргетасының жер деңгейінен төмен бөлігі (свая) ашылып, көпір жарамсыз күйге түсті. 
Өткен ғасырдың 70-ші жылдарында салынған көпірге  осы уақытқа дейін көпірдің конструктивтік бөліктері бойынша ешқандай жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. 
Аталған көпір Жаңаталап тұрғын алабын орталықпен байланыстырып тұрған негізгі жолдың бойында орналасқан.
Шымкент қаласының әкімдігі тарапынан апаттың алдын алу мақсатында тіректердің астына 40 машина ірі бетон құрылыс қалдықтарын тастауына және 15 техника жұмылдырылуына қарамастан Бадам өзенінің су ағыны қатты болуына байланысты көпір тіректерінің қисаюына алып келді.
Көпірге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында мердігер мекеме анықталып, бұзу жұмыстары және көпірге қажетті элементтері бірден дайындалды. Көпір 18 метрлік балкалар арқылы 5 өткелден (тіректен) тұрады.  
Мемлекеттік сараптаманың қорытындысына сәйкес құрылыс мерзімі 9 ай, алайда нысанның маңыздылығын ескере отырып, 4 айда құрылыс жұмыстары толық жүргізіліп, тұрғындарға пайдалануға берілді.

Фото: Шымкент қаласы әкімдігі 

Байланысты жаналықтар

Қымбат пәтер мен көлік алған: Шымкентте университет қызметкерлері ақша жымқырған

19.05.2025

Шымкентте нәрестенің жүрегіне күрделі ота жасалды

18.05.2025

Алаяқ Free Fire аккаунтын сатамын деп оқушыдан 2 млн теңге алған

16.05.2025

Руслан Берденов отадан кейін алғаш рет ел алдына шықты

12.05.2025

Шымкент құтқарушыларына жыландарға қатысты 25 шақырту түскен

11.05.2025

Марғұлан Сейсембай ауруханада жатқан Руслан Берденовпен кездесті

09.05.2025
MalimBlocks
Қымбат пәтер мен көлік алған: Шымкентте университет қызметкерлері ақша жымқырған

Шымкентте нәрестенің жүрегіне күрделі ота жасалды

Алаяқ Free Fire аккаунтын сатамын деп оқушыдан 2 млн теңге алған

Руслан Берденов отадан кейін алғаш рет ел алдына шықты

Шымкент құтқарушыларына жыландарға қатысты 25 шақырту түскен

Марғұлан Сейсембай ауруханада жатқан Руслан Берденовпен кездесті

Ол Берденовті «адал, тәртіпті, нағыз отаншыл азамат» деп атап өтті