"Жарқын жүзді адам еді": Мысырда қаза тапқан әйел туралы айтылды

Журналист Әнуар Шәлекенов Tengrinews.kz-ке берген сұхбатында Шарм-эль-Шейх әуежайында басына құлаған жарнама тақтасынан қаза тапқан әйел туралы естеліктерін айтты, - деп хабарлайды Malim.kz.
Ол әйелмен бұрыннан таныс екенін және оның қандай адам болғанын айтып берді.
"Ақмарал Мұқанова – менің кіндік шешем, анамның жақын досы, олар бала кезден дос" – деді журналист.
Оның айтуынша, Мұқанова Ақтөбе облысының ішкі істер органдарында ұзақ жыл қызмет атқарған. Ол зейнетке шыққан соң бірнеше жыл бойы ұлы екеуімен бірге Астанада тұрған, ұлы жақында жоғары оқу орнын бітірген.
"Ол ашық адам еді, әрқашан жарқырап жүретін", – деді Шалекенов.
Журналист кіндік шешесінің саяхаттағанды жақсы көретін, ұлы екеуі жиі сапарға шығатынын айтты.
Марқұм әйел оқиға кезде ұлымен бірге болған, қазір ол әлі де Мысырда.
"Жексенбіде жаңалықты естідік. Шынымды айтсам, ауыр болды, мұндайды ешқашан ойлаған емеспіз", – деді Шалекенов.
Еске салайық, Шарм-эль-Шейх әуежайында жарнама тақтасы құлап, салдарынан қазақстандық әйел қаза тапқан. Төрт адам зардап шеккен. Екі жолаушы ауруханаға жатқызылған, тағы екеуіне медициналық көмек көрсетілген.
Оқиға 17 мамырда болғаны туралы Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі хабарлаған. Ведомство қаза болған адамның туыстарымен байланыс орнатқанын және консул барлық мәселе бойынша көмек көрсетіп жатқанын мәлімдеген.
Фото: Әнуар Шәлекеновтің әлеуметтік желідегі парақшасынан