Жұмыссыз азаматтар тасқыннан зардап шеккен өңірлерге үй салыса алады

Құрылыс компаниялары ұсынатын бос жұмыс орындарын Электрондық еңбек биржасынан көруге мүмкіндік бар. 

Malim Админ

  • 13.05.2024

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Бірге салайық!» атты жаңа жобаны іске қосты. Жұмыссыз азаматтар су тасқынынан зардап шеккен өңірлерде тұрғын үй салу және инфрақұрылымды қалпына келтіру жұмыстарына атсалысу арқылы жұмысқа орналаса алады, деп хабарлайды Malim.kz.

Құрылыс компаниялары ұсынатын бос жұмыс орындарын Электрондық еңбек биржасынан көруге мүмкіндік бар. 

Ведомствоның мәліметінше, Еңбек ресурстарын дамыту орталығы «Бірге салайық!» жобасы шеңберінде азаматтарды жұмысқа орналастыруды сүйемелдеу жөніндегі арнайы платформа әзірледі.

Бұл Enbek.kz электрондық еңбек биржасындағы жаңа модуль болады, осында жұмысқа орналасуға және өңірлерге тұрғын үй қоры мен инфрақұрылымды қалпына келтіруге көмектесуге ниет білдірген кез келген адам бос орындармен танысып, өзіне ұнаған кез келгеніне ынта білдіріп, әңгімелесуден өте алады.

Қазіргі уақытта платформада 42 бос жұмыс орны бар.

Бұл жобаның маңыздылығы сол, біз жұмыс табуға және су тасқынынан зардап шеккен өңірлерді қалпына келтіруге қатысуға ниет білдірген әрбір адамды жедел жұмысқа орналастыру үшін цифрлық ортаны қамтамасыз етеміз. Қазіргі уақытта біз жұмыс берушілер базасын және бос жұмыс орындарын толықтырумен айналысудамыз. Өңірлер үшін кім-кімнің де қатысуы өте маңызды, өйткені, қазір білікті мамандар да, бейінді білімі жоқ мамандар да қажет екенін айта кету керек, – деп атап өтті Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қазақстандықтарды жобаға қатысуға және зардап шеккен өңірлерді қалпына келтіруге өз үлестерін қосуға шақырады!

Фото: интернеттен

Байланысты жаналықтар

Ақмола облысында су тасқынына жол берген ауыл әкімі сотталды

14.05.2025

Қарағанды облысындағы 5 су қоймасы 100% толды

07.05.2025

Құтқарушылар солтүстіктегі ауылды тасқын судан қорғап қалды

01.05.2025

Қарағандыда даулы тұрғын үй кешенінің құрылысы тоқтатылды

30.04.2025

Құтқарушылар ел солтүстігіндегі бөгеттерді нығайтып жатыр

26.04.2025

Су тасқыны: Солтүстіктегі ауыл тұрғындарын эвакуациялау жүргізілуде

25.04.2025
MalimBlocks