Журналистердің апелляциялық шағымы қанағаттандырылмады

Аялдар Күнтуған

  • 23.01.2025

23 қаңтарда Астана қаласы сотының азаматтық істер жөніндегі коллегиясы журналистердің Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарсы талап-арызын қарау бойынша ауданаралық соттың шешімін өзгеріссіз қалдырды. Журналистер аккредитациялау ережелерін сынаған болатын. Бұл туралы vlast.kz сайты жазды.

Заңгер Сергей Уткин сотқа филологиялық сараптама тағайындау туралы өтініш берді. Ол «тек аккредитацияға өтініш берген бұқаралық ақпарат құралдарында» деген фразаның нақты шектеу екенін түсіндірді.

Мұнда «тек» деген сөз жазылған, ол біздің пікірімізше, тек аккредитацияланған БАҚ-тарда ақпарат тарату мүмкіндігін айқын шектейді. Ал министрлік басқа БАҚ-та да ақпарат таратуға болады дейді. Сот процесі кезінде министрлік әлеуметтік желілер, онлайн платформалар және т.б. дегенде басқа БАҚ-тарды меңзегенін айтты. Ал апелляциялық шағымда олар: «және басқа бұқаралық ақпарат құралдарында» деп жазыпты. Яғни, шектеулер мүлде жоқ сияқты болып көрінеді. Бірақ шектеу бар, біз оны оқып отырмыз, деді ол.

Уткин, сондай-ақ, министрліктің аккредитация алу құқығын міндетке айналдырғанын айтты.

Блогерлер мен басқа да тұлғалар аккредиттелмейді. «Тек» сөзі БАҚ пен мемлекеттік орган арасындағы қарым-қатынасқа бағытталған. Біз ақпарат тарату құқығы бұзылады деп ойламаймыз. Бұл ереже әлеуметтік желілерге қатысты емес, деді БАҚ саласындағы мемлекеттік саясат департаменті директорының орынбасары Анар Мұқатаева.

Сондай-ақ, ол жаңа ережелер енгізілген сәттен бастап бірде-бір журналист аккредитациядан айырылмағанын айтты.

Осыған байланысты ол талап-арызды қабылдамауды сұрады.

Прокурор бірінші инстанция сотының шешімін өзгеріссіз қалдыруды талап етті.

Нәтижесінде Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі сот коллегиясы 2024 жылғы 11 қарашада шығарған Астана қаласы ауданаралық сотының шешімін өзгеріссіз қалдырып, талапкердің апелляциялық шағымын қанағаттандырмады. Сондай-ақ сараптама тағайындаудан бас тартты. Сот бұған ешқандай «қажеттелік жоқ» деп ұйғарды.

Фото: Жансерік Күзембай/Malim.kz

Байланысты жаналықтар

Жоғары сот судьясы қамауға алынды

10.04.2021

Жоғары сот судьясы ұсталды

11.02.2021
MalimBlocks
Жоғары сот судьясы қамауға алынды

Жоғары сот судьясы ұсталды