Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Оқу-ағарту министрі жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады

Білім-ғылым
Оқу-ағарту министрі жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев қазақстандықтарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады.

 

Ғани Бейсембаев Instagram-дағы парақшасында Білім күнімен құттықтауын жеткізіп, жаңа оқу жылын біз үлкен жоспарлармен, үкілі үмітпен бастап отырғанын айтты.

— Құрметті әріптестер! Қадірлі ұстаздар, ата-аналар мен оқушылар! Бүгін Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі білім ордалары өз есігін айқара ашады. Жаңа оқу жылын біз үлкен жоспарлармен, үкілі үмітпен бастап отырмыз. Сіздердің әрқайсыңыз еліміздің болашағы үшін өлшеусіз үлес қосып келесіздер. Биылғы оқу жылы оқушыларымыз бен ұстаздарымызды жаңа биіктерді бағындыруға шабыттандыратын жетістіктер мен жеңістерге толы болсын деп тілеймін! Білім күні құтты болсын! — деп жазды Бейсембаев.

Айта кетейік, бүгін 360 мың бала мектеп табалдырығынан алғаш рет аттады.

Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу