Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Оқушы қыздарды енді акушер-гинекологтар тексеруі мүмкін

Қоғам
Оқушы қыздарды енді акушер-гинекологтар тексеруі мүмкін

Елде ерте жүкті болып қалу мәселесін шешу үшін оқу-ағарту министрлігі денсаулық сақтау министрлігімен бірге мектептерге акушер-гинеколог мамандарын қайтаруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды  Malim.kz Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап. 


Бұл туралы бүгін Мәжіліс кулуарында оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлім етті.

«Ерте жүктілік мәселесі бүгінгі таңда өзекті проблемалардың бірі. Осыған байланысты жалпы мемлекет тарапынан болатын жүйелі шешімге келетін болсақ – қазір мектептерде акушер-гинеколог деген нақты маман жоқ қой. Соны қайтару мәселесі бойынша денсаулық сақтау министрлігімен жүйелі жұмыс бастадық», - деп мәлім етті Сүлейменова.

Айта кетейік, күні кеше Түркістан облысы Келес ауданында 71 жастағы зейнеткер көршінің 15 жастағы қызын зорлап, жүкті қылғаны анықталған еді. Қыз бала Астанада босанған.

Фото: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу