Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Орал тұрғыны пәтеріне 95 адам тіркеген

Қоғам
Орал тұрғыны пәтеріне 95 адам тіркеген

Батыс Қазақстан облысында көші-қон полициясының қызметкерлері азаматтарды тіркеу саласында заң бұзушылықтарды анықтады. Орал қаласындағы пәтерлердің бірінде пәтерде нақты тұрмайтын 95 адам тіркелгені белгілі болды, деп хабарлайды Malim.kz.

Пәтер иесіне қатысты әкімшілік шаралар қабылданды. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасы әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 493-бабына сәйкес тұрғын үй-жайлардың иелері азаматтарды заңсыз тіркеген әрбір жағдай үшін жауапқа тартылуы мүмкін.

Бір жыл ішінде қайталап бұзу жауапкершілікті күшейтуге әкеп соғады (ҚР ӘҚБтК 493-бабының 2-бөлігі).

Нақты тұрмайтын адамдарды тіркеуден шығару жөнінде шаралар қолданбау (ҚР ӘҚБтК 493-бабының 4-бөлігі). Бұдан басқа, жеке басын куәландыратын құжаттарсыз немесе тіркеусіз тұратын адамдар ҚР ӘҚБтК-нің 492-бабы бойынша жауапкершілікке тартылады. Бір жыл ішінде қайталанған бұзушылықтар үшін қатаң санкциялар қарастырылған.

Фото: polisia.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу