Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Оралдағы бастауыш сынып мұғалімінің өліміне қатысты іс сотқа жетті

Құқық
Оралдағы бастауыш сынып мұғалімінің өліміне қатысты іс сотқа жетті

Қылмыстық іс 12 тамызда мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотқа түскен. Сотталушылар орындығында бұрын сотталған Орал тұрғыны. «Мой город» жазуынша, ол бастауыш сынып мұғалімі Надежда Никитинаны өлтірді деп күдікке алынған, деп хабарлайды Malim.kz.

Іс судья Асланбек Дүйсенғалиевтің төрағалығымен қаралады. Алдын ала тыңдау күні белгісіз.

Естеріңізге сала кетейік, бастауыш сынып мұғалімі 25 сәуірде өз пәтерінен өлі күйінде табылған еді. Күдікті із суытпай ұсталған. Ал марқұм 40 жыл бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс істеген.

Фото: mgorod.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу