freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ормуз бұғазындағы жағдай: 22 ел Иранға үндеу жасады

Әлем
Ормуз бұғазындағы жағдай: 22 ел Иранға үндеу жасады
Фото: IANS

22 мемлекет Ормуз бұғазы арқылы қауіпсіз кеме қатынасын қамтамасыз етуге дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz. DW-ге сілтеме жасап.

Бірлескен мәлімдемені 21 наурыз күні БАӘ Сыртқы істер министрлігі жариялады.

Құжатқа Еуропа елдері, Жапония, Канада, Оңтүстік Корея, Жаңа Зеландия, Австралия, Бахрейн және Біріккен Араб Әмірліктері қол қойған. Олар Иранды Парсы шығанағындағы қарусыз сауда кемелеріне жасалған шабуылдар, азаматтық инфрақұрылымға, соның ішінде мұнай-газ нысандарына соққылар және Ормуз бұғазын іс жүзінде жабу әрекеті үшін қатаң айыптады.

Мәлімдемеде тараптар қақтығыстың шиеленісуіне алаңдаушылық білдіріп, Иранды қауіп-қатерлерді, миналау әрекеттерін, дрондар мен зымыран шабуылдарын тоқтатуға және бұғаз арқылы коммерциялық кеме қатынасына кедергі келтірмеуге шақырды.

Сонымен қатар, құжатқа қол қойған елдер Ормуз бұғазы арқылы қауіпсіз өтуді қамтамасыз етуге бағытталған шараларға үлес қосуға дайын екенін жеткізді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу