Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Өскемендегі жылу магистраліндегі апат жөнделіп жатыр

Оқиға
Өскемендегі жылу магистраліндегі апат жөнделіп жатыр

Өскемен қаласында 16 қарашада болған жылу магистраліндегі апатты жою жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды Malim.kz.

Әкімдіктің мәлімдеуінше, 17 қарашаға қараған түні апатты жою барысында мамандар құбырдың жарылу орнынан жақын маңда тағы да ақаулар анықтаған. Сондықтан барлық зақымданған учаскеде мәселелерді бірден шешу үшін жұмыс әлі жүріп жатыр.

Ал жұмыстар бір минутқа да тоқтатылмаған. Апат орнында екі бригада кезекпен жұмысқа кіріскен.

Түнде жарылу орнын анықтадық. Бірден дәнекерлеу жұмыстарын бастадық. Бригада жұмысын тоқтаусыз жалғастырып жатыр. Жылу жүйесін қосу үшін барлық шарал қабылданды. Жақын уақытта жүйені іске қосамыз. Сыртқы ауа температурасы +1 градус, деді «Шығыс жылу» АҚ жылу энергиясын беру департаментінің директоры Асқар Оспанов.

Облыстық энергетика және ТКШ басқармасының мәліметінше, барлық жұмыс күннің бірінші жартысында аяқталып, тұрғын үйлерге жылу беру қалпына келтіріледі.

Естеріңізге сала кетейік, 16 қарашада жылу магистралінің жарылуына байланысты КШТ ауданында жылу беру уақытша тоқтатылған болатын. Өскемен қаласы әкімдігі мен «Шығыс жылу» АҚ деректеріне сәйкес, пәтерлердегі температуралық режим норма шегінде сақталып отыр.

Фото: ШҚО әкімдігі

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу