Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Париж бен Лондон Украинадағы бітімгерлік миссияға дайындалып жатыр

Әлем
Париж бен Лондон Украинадағы бітімгерлік миссияға дайындалып жатыр
Фото: Frederic Dides/AFP/Getty Images

Франция мен Ұлыбритания Мәскеу мен Киев арасындағы болашақ бейбіт келісімді қамтамасыз ету мақсатында құрылуы мүмкін «көпұлтты күштердің» бақылау операциясына қатысуға дайын, деп хабарлайды Malim.kz Die Welt газетіне сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, британдық және француз әскери өкілдері Еуропалық Одақ өкілдерімен бірлесіп Украина үшін қауіпсіздік кепілдіктерін қамтамасыз ету жөніндегі жоспарларды әзірлеп қойған. Сонымен қатар Франция мен Ұлыбритания БҰҰ немесе Еуропалық Одақтың арнайы мандаты болмаса да, өз әскери қызметкерлерін бақылау миссиясына жіберуге дайын. Ол үшін ресми Киевтің келісімі ғана жеткілікті.

Die Welt дереккөздерінің хабарлауынша, мұндай бақылау миссиясының жобасы француз және британ әскери күштеріне қажет болған жағдайда бітімді сақтау үшін оқ атуға құқық беруді көздейді.

Бұдан бөлек, аты аталмаған өзге де еуропалық елдердің әскери күштерін тарту мәселесі талқылануда. Дипломаттардың пікірінше, бітімнің алғашқы айларында мұндай «халықаралық күштердің» саны 10 мыңнан 15 мың әскери қызметшіге дейін жетуі мүмкін.

Болжам бойынша, «көпұлтты күштер» Украина қауіпсіздігін теңіз бен әуе кеңістігі арқылы, сондай-ақ көршілес елдердің аумағынан қамтамасыз ететін болады. Die Welt бұл елдерді нақты атамайды, алайда бақылау миссиясында Түркияның, әсіресе Қара теңіз айдынында, маңызды рөл атқаруы мүмкін екенін жоққа шығармайды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу