Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Париждегі Лувр мұражайында бағалы экспонаттар ұрланды

Әлем
Париждегі Лувр мұражайында бағалы экспонаттар ұрланды

Париждің әйгілі Лувр мұражайында ұрлық дерегі тіркелді, деп хабарлайды Malim.kz.

Белгісіз адамдар зергерлік бұйымдар қоймасынан алтын мен асыл тастармен безендірілген бірнеше экспонатты қолды еткен.

Франция Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, оқиға шамамен таңғы 09:30-да болған. Ұрылар небәрі бірнеше минут ішінде күзет жүйесін айналып өтіп, мотоциклмен қашып кеткен.

Оқиғадан кейін Лувр мұражайы уақытша жабылып, Париж полициясы мен Интерпол ұрланған жәдігерлерді іздестіру шараларын бастады.

Алдын ала деректерге қарағанда, ұрланған бұйымдардың арасында XIX ғасырдағы императорлық коллекцияның бірегей заттары бар.
Фото: REUTERS

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу