Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Партия құрып, Сібірге айдалған жазушы өмірден өтті

Мәдениет
Партия құрып, Сібірге айдалған жазушы өмірден өтті

Белгілі қайраткер жазушы, өлкетанушы Кәмел Жүністегі өмірден озды. Ол 1939 жылы 27 қаңтарда Шет өңірінде, Ақсу-Аюлы ауылында дүниеге келгенСөз зергерінің қаламынан «Дос көңілі», «Көне хикая», «Көксеу», «Көксеңгірдің тасында», «Соңғы Абыз», «Шырағдан» кітаптары туған.

Қаламгер өткен ғасырдың 60-шы жылдары, қылышынан қан тамған Кеңес кезеңінде Елін сүйген ерлер партиясы яғни «ЕСЕП» атты партия құрғанЖастардың бұл әрекеті КГБ-ның тұзағына ілініпсоның жазасын Сібірде өтеп қайтқан.

Әуесқой композитор ретінде «Арқа самалы», «Аяулым», «Домбыра», «Туған жер» әндерін жазған. Сондай-ақ, коллекционер ретінде Арқа домбыраларының алты түрін жинап, үйінде сақтады. Олардың арасында атақты Қыздарбек күйшінің шәкірттері Әбди, Сембек және Қақпан ақынның домбыралары бар. Қазақтың ұлттық өнері жайында бірнеше зерттеу мақалаларын жазды. Кәмел Жүністегі Қазақстан Жазушылар одағының басқарма мүшесі, ҚР Мәдениет қайраткері, «Құрмет» орденінің, С.Сейфуллин атындағы сыйлықтың иегері.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу