Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Пәтерін жалға беретіндер енді 10 пайыз салық төлейді

Экономика
Пәтерін жалға беретіндер енді 10 пайыз салық төлейді

Қазақстанда пәтерін жалға беретін азаматтар жылдық табысына сәйкес салық төлеуі тиіс. Бұл талаптарды Мемлекеттік кірістер комитеті бекіткен, деп хабарлайды Malim.kz Информбюро бағдарламасына сілтеме жасап.

Сонымен салық төлеу тәртібі келесідей:

Пәтерін жалға беретін азаматтың жылдық табысы есептеледі. Мысалы айына 200 000 теңгеге жалға берсе, жылдық табысы 2 400 000 теңге болады. Осы сомадан 10% мөлшерінде жеке табыс салығы ұсталады.

Зейнетақы жарнасы, әлеуметтік төлемдер мен медициналық сақтандыру бұл салыққа кірмейді.

Жеке кәсіпкер ретінде тіркелу міндетті емес, бірақ бұл табысты заңдастырудың бір жолы. Барлық азаматтар жыл сайынғы кірістер мен мүлік туралы декларацияны келесі жылдың 15 қыркүйегіне дейін тапсыруы керек. Бұл талаптарды орындамаған жағдайда салық органдары әкімшілік шаралар қолдануы мүмкін, - деп хабарлады Мемлекеттік кірістер комитеті.

Фото: istockphoto.com

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу