Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Павлодарда жас қызды зорлаған ер адам 20 жылға түрмеге қамалды

Қоғам
Павлодарда жас қызды зорлаған ер адам 20 жылға түрмеге қамалды

Павлодар облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ер адамға қатысты кәмелетке толмағанды зорлау және жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасау фактілері бойынша қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Malim.kz.

Сотта прокурор ер адамды 20 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Сотталушы өз кінәсін толық мойындап, жасаған әрекетіне толық өкінді. Оның адвокаты соттан ауыруына байланысты жазаны өтеуді кейінге қалдыру мүмкіндігін шешу үшін куәландыруды тағайындауды сұрады.

Айыпталушының кінәсі сот-медициналық сараптамаларының қорытындыларымен, жәбірленушінің, куәлардың айғақтарымен және іс бойынша жиналған басқа да дәлелдемелермен дәлелденді.

"Сот істің мән-жайын ескере отырып, ер адамға түпкілікті 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды",– деді Павлодар облысы ҚІЖМАС баспасөз қызметінде.

Сондай-ақ, ер адам өмір бойына педагогикалық және кәмелетке толмаған балалармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу