Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Перизат Қайрат сот кезінде партияның экс-басшысының есімін атады

Оқиға
Перизат Қайрат сот кезінде партияның экс-басшысының есімін атады

Астанада Перизат Қайрат ісі бойынша сот процесі өтіп жатыр. Кезекті отырыста прокурор айыптау актісін жария етті, деп хабарлайды malim.kz тілшісі Ulysmedia.kz агенттігіне сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашпаева өздеріне тағылған айыптармен келіспейді. Перизаттың анасы айыптау актісіндегі уәждерді қиял деп есептейді.

Сонымен бірге, сот барысында Перизат Қайрат қордың өзінен басқа құрылтайышларын да жауапқа тартуды сұраған. Атап айтқанда, қор партия жанынанқұрылғандықтан, "Нұр Отанды" сол кезде басқарған Бауыржан Бәйбекті шақыруды сұрады. Айыпталушының тұжырымы бойынша, құрылтайшылардың барлығы дерлік партияның бұрынғы және қазіргі қызметкерлері болған.

 

Photo: orda.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу