Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Петропавлда ер адам бес қабатты үйдің шатырынан секіріп кеткен

Қоғам
Петропавлда ер адам бес қабатты үйдің шатырынан секіріп кеткен

Петропавлда 43 жастағы ер адам көпқабатты үйдің төбесінен секіріп кетіп, өзіне қол жұмсады. Қазіргі уақытта осы оқиғаға байланысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды Malim.kz.

Солтүстік Қазақстан облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 11 шілде күні болған.

Петропавлдағы Универсальная көшесінде салынып жатқан бес қабатты тұрғын үйдің шатырынан ер адамның секіріп кеткендігі және алған жарақатынан көз жұмғаны туралы жедел арнаға хабар түсті. 

Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Істің барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті зерделеуге бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, олардың нәтижесі бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданады, - деді баспасөз қызметінен. 

Фото: inbusiness.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу