freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Подъезд терезесінен дәрет сындырған астаналық қамауға алынды

Қоғам
Подъезд терезесінен дәрет сындырған астаналық қамауға алынды
Фото: видеодан кадр

Астанада полиция көпқабатты үйдің подъезд терезесінен дәрет сындырған ер адамды анықтады, деп хабарлайды Malim.kz.

Оқиға Әйтеке би көшесінде болған. Полиция мәліметінше, 43 жастағы елорда тұрғыны қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін ұсталып, полиция бөліміне жеткізілген.

Ер адамға ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды. Сот шешімімен оған 10 тәулікке әкімшілік қамау жазасы тағайындалды.

Полиция қоғамдық тәртіпті бұзатын және азаматтардың тыныштығына нұқсан келтіретін әрекеттер үшін заңнамада жауапкершілік қарастырылғанын ескертті.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу