20 жылдан кейін Жақияновты неге тексеруде?

Антикор Павлодар облысының бұрынғы әкімі Ғалымжан Жақияновқа қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу бастады.

Malim Админ

  • 23.08.2023

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті Павлодар облысының бұрынғы әкімі Ғалымжан Жақиянов және басқаларға қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. Антикордың мәлімдемесінде Ғ.Жақияновқа қандай айып тағылғанын «тергеу жұмысының құпиялығын сақтау үшін заңға сәйкес мәліметтер жария етуге жатпайтыны» айтылған. Осыған орай саясаттанушы Шалқар Нұрсейітов әлеуметтік желіде «Абсурд саяси істер жайлы» өзінің пікірін білдірді. «2022 жылы Қазақстанда саяси тұтқындардың саны 11 есе өскен. Қазір Қазақстанда 47 саяси тұтқын бар, оның ішінде 30 адам түрмеде, 17 адам тергеу изоляторында отыр.  Көп жағдайда саяси тұтқындар абсурд жаламен сотталып жатады. Қазіргі таңда сол абсурд істердің ең танымалы қатарына Марат Жыланбаев пен Думан Мұхамедкәрімнің кейстері кіруі мүмкін. Қазір екі азамат авторитар режимге қарсы саяси көзқарасы мен белсенділігі үшін «экстремист» атанып, сотталуы әбден мүмкін. Жақын арада абсурд саяси істер осымен шектелмейтіндей көрінеді. Олардың қатарына қосылуға потеницалды тағы бір кейс пайда болып келе жатқан секілді. Ол - кезіндегі «ДВК»-ның негізін қалаушылардың бірі болған, Павлодар облысының экс-әкімі Ғалымжан Жақияновқа қарсы 20 жыл бұрын қозғалған қылмыстық істің қайта қозғалуы»,- деп жазды саясаттанушы.

Қозғалып жатқан іске байланысты Ғалымжан Жақияновтың өз пікірін білмек болып әлеуметтік парақшалары мен whatsapp желісіне хабарласып едік жауап ала алмадық. 

Байланысты жаналықтар

«Болашақ» бағдарламасын жабу керек пе? Қоғам пікірі екіге жарылды

07.06.2024

Зайытовтың сөзі манипуляция ма?

18.09.2023

Қозғалған һәм қозғалмаған іске Жақиянов жауап берді

31.08.2023

Бұл сайлауда қандастар ғана жеңіске жетеді!

30.01.2023

Назарбаевтың ар-намысына тиген желаяққа қатысты сот ісі тоқтатылды

19.01.2022

Кенжебек Әбішевке “Халық Батыры” атағы берілді

19.01.2022
MalimBlocks
«Болашақ» бағдарламасын жабу керек пе? Қоғам пікірі екіге жарылды

«Болашақ» жабылса, жылдық табысы 10 мың долларға да жетпейтін қазақстандықтарға обал болады.

Зайытовтың сөзі манипуляция ма?

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытовтың «Қазақстанда алаяқтықтардың 80 пайызын намаз оқитындар жасайды» деген сөзі қоғамда қызу талқылану үстінде.

Қозғалған һәм қозғалмаған іске Жақиянов жауап берді

Бұрынғы ДВК төрағасы Ғалымжан Жақиянов үстінен қылмыстық іс қозғалуына қатысты өзінің Facebook парақшасында жазба жариялады.

Бұл сайлауда қандастар ғана жеңіске жетеді!

Сонымен сайлауға үміткерді тіркеу басталып кетті! Ал мен күткен қандастар үнсіз («Республика» партиясының жетекшісінің бірі Сырымбет Тауды есепке алмаймын).

Назарбаевтың ар-намысына тиген желаяққа қатысты сот ісі тоқтатылды

Кенжебек Әбішевке “Халық Батыры” атағы берілді