2016 жылы президент айтқан 10 сотық жер Әшімбаевқа керек емес екен

Сенат спикері Мәулен Әшімбаев қазақстандықтарды ондаған жылдар бойы кезекке тұрғызған 10 сотық жер туралы айтты. Оның сөзіне қарағанда, Қазақстанда жер жетеді, бірақ...

Алмас НҮСІП

  • 21.04.2022
М.Әшімбаев пен экс-президент Н.Назарбаев. Фото ашық интернет-көзінен алынды

Астананың төрінен, Сенат кулуарынан сөйлеп тұрған Әшімбаев мырзаға жер керек емес екен. Оның үстіне, әлі ешқандай жағдай жасалмаған 10 сотық жерге Сенат спикері басымен таласып жүрсе, тізім тым көбейіп кететіні түсінікті, бәлкім, алдымен халқым алып алсын деді ме екен, спикер 10 сотық жер алуға әлі өтініш бермепті.

 «Мен [жер алуға өтініш] бергем жоқ. Бұл біздің азаматтардың құқығы. Қазақстанда жер жоқ деген әңгіме емес, мәселе біздің ұлан-ғайыр мемлекет екенімізде де емес, бізде жер жетеді. Әңгіме Қазақстан азаматтарына 10 сотықтан жер беруде, мен бұл мәселеге сатылап келеміз деп ойлаймын. Бірақ, бұл жерлерге коммуникация жүргізуі керек. Мұнда жол болу керек, жарық, электр, су, мүмкіндігінше канализация болуы керек», - дейді Әшімбаев.

Айтпаса да түсінікті, 10 сотық жерді қазақстандықтар егін егу үшін сұрап жүрген жоқ. Үй салу үшін сұрап жүр. Су, свет, жолды өздері тартып алып үйренген, мүмкіндігінше газ жүргізіп берсе дейді. Ал енді «мүмкіндігінше канализация болғанына» да онша бас қатырмайды. Бірақ, елін соншалық сауатсыз санайтын шенеуніктерге тән әдетпен, соны соншалық ыждаһатпен түсіндіріп берген Әшімбаев мырза миллиондаған 10 сотық жердің қашан «гүлденетінін» нақты айтпапты. Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жиі айтатын «бәрі бір күнде бола салмайды» деген сөзі еске түсіргені болмаса, 10 сотық жерге байланысты жұрттың сауалын қанағаттандырды деу қиын.

Айтпақшы, 10 сотық жер Назарбаевтың да дағдартқан мәселе. Сонау президент кезінде-ақ, 2016 жылы ол бүтін бір ауылды салып тастаған құрылыс компанияларын мысалға ала келіп:

«Мүмкін, осы бағыт бойынша жүрерміз? Яғни, ақшаны құрылысшыларға беріп, халыққа: «Қалағандарың осы ма? Міне, сендерге он сотық, мынаддай-мынадай архитектуралық жоба бойынша салдық, сатып алыңдар. Бұл мәселе бойынша кредит берерміз, әлде басқаша көмектесеміз бе...» - деп отырып қалған.

Мұның соңы «10 сотық+үй» деген формат болса қалай болады деп, біраз сарапшылардың басын қатырған. Экс-президент үкіметтің кеңейтілген отырысында «нақты тапсырма бергенмен», ақыры, көп мәселенің бірі болып ұмытылған. Бұрынғы президент те онша қазбаламаған. Сөйткен жер мәселесі енді қайта шығып отыр.

Әшімбаев 2019 жылы «Нұр Отан» төрағасының бірінші орынбасарлығынан кетер қарсаңда кез келген позицияда, кез келген жағдайда елбасының стратгеиялық курсын дамыту үшін ол берген тапсырмаларды жан-тәнімен орындайтынын айтқан. Бәлкім, 2016 жылғы тапсырманы орындаудың сәті енді түскен шығар?..

Айтпақшы, жер дегенде, коммуникация дегенде экс-президент Назарбаевтың кезінде шыққан «Туған жер» бағдарламасы еске түседі.

«Туған жер» бағдарламасы аясында біраз меценаттар өздерінің шыққан жерлеріне көмектерін беріп жатыр. Нысандардың салынуына бастамашы болуда. Өткен жылы осындай мақсаттарға меценаттардың тарапынан 51 миллиард теңге бөлінді деген ақпарат бар. Бұл да үлкен көмек екені сөзсіз. Бірақ өзінің туған жеріңе көмек беруді жершілікдікке итеру деп қабылдауға болмайды. Бәріміз – бір елдің азаматымыз. Қазақстан – ортақ Отанымыз», - деп еді Әшімбаев 2018 жылы.

Әшімбаев 10 сотық жерге коммуникация тарту үшін баяғы «Туған жер» бағдарламасын пайдаланып жіберуді ойлар, ойламас, әйтеуір, өзімен бір елде тұратын азаматтарға қалаған жерінен, ортақ отаны Қазақстаннан 10 сотық жерді қашан және қалай беретінін нақты айтып бергенде, халық өзі де жиі дауға қалып жүрген eGov-қа күш түсірмес еді.

Байланысты жаналықтар

Жеңіс Қасымбек Президентке елорданың дамуы жөнінде есеп берді

22.10.2024

Биыл қанша азаматтың «қандас» мәртебесін алғаны белгілі болды

22.10.2024

Қасым-Жомарт Тоқаев Гвинея-Бисау Президентімен телефон арқылы сөйлесті

22.10.2024

Мемлекет басшысы Чехияның Сыртқы істер министрі Ян Липавскийді қабылдады

21.10.2024

Алматы облысы прокурорының орынбасары мен Талғар ауданының прокуроры қызметінен босатылды

18.10.2024

Тоқаев елордадағы жаңа өрт сөндіру бөлімінің жұмысымен танысты

17.10.2024
MalimBlocks
Жеңіс Қасымбек Президентке елорданың дамуы жөнінде есеп берді

Биыл қанша азаматтың «қандас» мәртебесін алғаны белгілі болды

1991 жылдан бері республикаға 1 млн 142,7 мың этникалық қазақ оралған

Қасым-Жомарт Тоқаев Гвинея-Бисау Президентімен телефон арқылы сөйлесті

Президенттер екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға бейіл екендерін растап, өзара ықпалдастықтың басым бағыттарын қарастырды

Мемлекет басшысы Чехияның Сыртқы істер министрі Ян Липавскийді қабылдады

Қазақстан Еуропа Одағындағы маңызды серіктестерінің бірі саналатын Чехиямен тығыз ықпалдастық жасауға бейіл

Алматы облысы прокурорының орынбасары мен Талғар ауданының прокуроры қызметінен босатылды

Қылмыстық процесте заңдылықты қадағалау бойынша жұмыста елеулі кемшіліктердің болған

Тоқаев елордадағы жаңа өрт сөндіру бөлімінің жұмысымен танысты