"300 жыл бұрын қайда болдыңдар?": Ресей депутаты Қазақстанға тағы да шүйлікті

Malim Админ

  • 11.04.2021

Ресей мемлекеттік думасының депутаты Владимир Жириновский Қазақстанға тағы да шүйлікті.

Ресей либерал-демократиялық партиясының көшбасшысы Владимир Жириновский «Қазақстан аумағында 300 жыл бұрын негізінен жоңғар тайпалары болғанын» айтып, Павлодар қаласындағы 30 көшенің атын қазақшалауға қарсы шықты. Оның сөзінше, ешнәрсе ұмытылған жоқ. Орыс әлемі өз территориясын қалпына келтіреді. Бұл туралы Жириновский өзі жетекшілік ететін Ресейдің либералды-демократиялық партиясының  Youtube-тегі "ЛДПР-ТВ" арнасында айтты.

«Павлодар қаласындағы 30 көшенің орысша атауын қазақшаламақшы. Сендер өздерің қала салып, соның көшелеріне қазақша атау беріңдер. Бөтен қалада не істеп жүрсіңдер? Петр І кезінде ол жерге тұз өндірушілерді қорғау үшін форпост қойылған. Ол жерде ешқандай мемлекет болған жоқ. Арасында көшпенділер болды. Орынбор мен Павлодарда тұз болды. Қазақстан, 300 жыл бұрын сендер қайда болдыңдар? Жоңғар тайпалары болды, бірақ жоңғар тайпаларының мемлекеті болған жоқ», - деді Жириновский.

Владимир Жириновскийдің сөзінше, қазақтар адамзат тарихты ұмытып, барлығы қазақтарға қалады деп есептейді.

«Ешкім, ешнәрсені ұмытпайды. Орыс әлемі, орыс аумағы өз территориясын қалпына келтіреді, тәртіп орнатады», - деді Ресей мемлекетті дума депутаты.

Ресей депутаттарының Қазақстанға қатысты арандатушы сарындағы мәлімдеме жасауы бұл ғана емес. Былтыр желтоқсанда мемлекеттік думаның  білім және ғылым комитетінің төрағасы Вячеслав Никонов Ресейдің федералды бірінші арнасында "Қазақстан территориясы – Ресей мен Совет одағының берген үлкен сыйлығы"  деп мәлімдеді.  Бұл мәлімдемеден кейін  еліміздің сыртқы істер министрлігі Ресейдің уақытша сенімді өкіліне нота табыстады.

Артынша  думаның тағы бір депутаты Евгений Федоров бұл пікірді қолдап, "Ресей Қазақстаннан территорияны қайтаруды талап етуі керек" деді.  Бұл мәлімдемеге 9 күннен кейін реакция білдірген Қазақстанның сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Дума депутаты Евгений Федоровтың даулы мәлімдемелерін "қысыр сиырдың сандырағы" деп атады.

ЛДПР жетекшісі Владимир Жириновский де бұған дейін Қазақстан аумағына қатысты даулы мәлімдемелер жасаған. 2014 жылы 23 ақпан күні Мәскеудегі митингіде сөйлеген ЛДПР жетекшісі Владимир Жириновский Орталық Азиядағы мемлекеттерді тәуелсіздіктен айыру туралы пікір білдірген. Саясаткердің бұл мәлімдемесін "Россия 24" арнасы тікелей эфирде көрсеткен. "Орта Азияда ешқандай мемлекет жоқ. Ортаазиялық федералды округ, оның басты қаласы – Верный", - деген мәлімдемеден кейін Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Ресейге нота жолдаған.

 

 

Байланысты жаналықтар

Ыстамбұлда Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер аяқталды

16.05.2025

Түркияда Ресей-Украина келіссөзі өтіп жатыр

16.05.2025

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

16.05.2025

Зеленский Түркиядан Албанияға кетті

16.05.2025

"Ресей климат қаруын іске қосты". "Жаңбыр адам" елдегі қуаңшылықтың себебін түсіндірді

16.05.2025

Ердоған: Соғыс Киев пен Мәскеудің тікелей келіссөзі арқылы аяқталуы керек

15.05.2025
MalimBlocks
Ыстамбұлда Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер аяқталды

Түркияда Ресей-Украина келіссөзі өтіп жатыр

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, кездесу "логистикалық мәселелерге" байланысты өтпей қалған

Зеленский Түркиядан Албанияға кетті

"Ресей климат қаруын іске қосты". "Жаңбыр адам" елдегі қуаңшылықтың себебін түсіндірді

Ердоған: Соғыс Киев пен Мәскеудің тікелей келіссөзі арқылы аяқталуы керек