700 млн – Кезек Нығматулиндерге де келді

Нұрлан Нығматулиннің ұлы Нұрхан Нұрлановтың қылмыстық іске қатысы бар екені айтылып жатыр.

  • 18.07.2022
Нұрхан, Нұрлан, Нұржан Нығматулиндер/фото: kaztag.kz

Өткен аптада Қазфосфаттың директоры, экс-мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулиннің ұлы Нұрхан Нығматулин қылмыстық іске қатысы бар дегенге күдікке ілінген. Бүгін бас прокуратура осы күдікке байланысты нақты цифрға негізделген жаңа детальдар жариялады.

«Қазфосфат» ЖШС басшылығына 697 млн теңге көлеміндегі монополиялық табыс табуға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды», - делінген бас прокуратура таратқан хабарламада.  

Экс-мәжіліс спикерінің баласы Нұрханның қылмыстық іске қатысы бар екені 15 шілде күні айтылған. Ал, Қазфосфаттың басы дауға шатылуы – 5 сәуірден басталады. Онда монополияға қарсы комитет «Қазфосфаттың» ауылшаруашылық тыңайтқыш – аммофостың бағасын негізсіз әрі орасан қымбаттатуға байланысты тергеу басталғаны айтылған. (Аммофос - ауылшаруашылығындағы ең маңызды тыңайтқыштың бірі саналады). Содан кейін БАҚ беттерінде Нұрлан Нығматулиннің екі ұлы Нұрхан мен Нұржанның аты жиі атала бастады.

Монополияға қарсы комитет бұл істі құқыққорғау орындарына беріп, қылмыстық іс қозғалғанмен, қос ұлдың бұл іске қатыстылығы ылғи да жоққа шығарылып келді.

Істің соңы ушыға бастағанын 14 шілде күні «Қазфосфаттың» заңсыз табысы туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың үкіметтің кеңейтілген отырысындағы сөзінен кейін түсінікті бола бастаған. Арада апта аунамай жатып, Нығматулиндердің қылмысқа қатысы бар екені ашық айтыла бастады.

Бұрын бар-жоғы, ым-жымы білінбейтін Қазфосфаттың басынан дау арылмай қойды. 7 маусым мен 7 шілде арасында «Қазфосфатта» үш рет апат болып, үшеуінде де кісі өлімі тіркеді. 7 маусымда бір адам, 2 шілдеде екі адам, 7 шілде күні тағ бір адам қаза болды.  Бір айдың ішінде төрт адамның өліміне себепкер болған компания 11 шілде күні ғана Тараз қаласының ауасын улап, атмосфераға зиянды түтін таратты деген тұрғындардың шағымынан кейін тиісті министрлік тағы бір тексеру жүргізді.

Бас-аяғы бір айдың ішінде осынша апатты жағдай орын алған, үш айдың ішінде көптеген қаңқу сөзге арқау болған «Қазфосфат» пен оның иелеріне қатысты дау бір жағына шығатындай уақыт жақындап келе жатқан сыңайлы. Нұрлан Нығматулин мен оның отбасы шетелде жүр деген болжамдар айтылған, оның рас болуы да мүмкін, өйткені, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың сенімді серіктерінің бірі саналатын Нұрлан Нығматулиннің өзі Қаңтар оқиғасынан кейін отставкаға кеткелі бері ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ. Сыңары кәсіпкер Ерлан Нығматулин де соңғы кездері көп көрінбейді. Ол да егізімен бірге Лондонға қашып кеткен деген болжамдар бар.

Байланысты жаналықтар

Тоқаев Мәжіліс төрағасы Қошановты қабылдады

16.04.2025

Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директорын қабылдады

16.04.2025

Тоқаев экономика мәселелеріне қатысты жұмыс отырысын өткізді

16.04.2025

Лавровқа қатаң жауап: саясаттанушы Тоқаевтың ұстанымы мен халықаралық хаос туралы айтты

15.04.2025

Тоқаев заңға қол қойды: шетелдік легионерлерге қаржы бөлінбейді

15.04.2025

Тоқаев Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады

15.04.2025
MalimBlocks
Тоқаев Мәжіліс төрағасы Қошановты қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады

Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директорын қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директоры Даниил Шулейконы қабылдады

Тоқаев экономика мәселелеріне қатысты жұмыс отырысын өткізді

Астанада Қауіпсіздік кеңесінің жұмыс отырысы өтті

Лавровқа қатаң жауап: саясаттанушы Тоқаевтың ұстанымы мен халықаралық хаос туралы айтты

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың аумақ тұтастығы туралы ұстанымына қарсы екенін айтқан еді. Саясаттанушы Ғазиз Әбішев бұл мәселеге қатысты пікір білдірді

Тоқаев заңға қол қойды: шетелдік легионерлерге қаржы бөлінбейді

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Тоқаев Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады

Мемлекет басшысы Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасы Николай Подгузовты қабылдады