Абай ескерткішінен ақша жеген  Хаменова 7 жылға сотталды

Malim Админ

  • 15.11.2022

Атырау облысы әкімінің экс-орынбасары Бақытгүл Хаменова 7 жылға сотталды. 

Бүгін Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменованың ісіне қатысты сот отырысы қайта жалғасты. Сот оны ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабының 3-бөлімінің 2-тармағымен (Ірі көлемде пара алу) кінәлі деп танып, 7 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.

Сонымен қатар Бақытгүл Хаменова «Құрмет» орденінен айырылды.

Атыраудағы №2 қалалық сотта Бақытгүл Хаменоваға қатысты сот отырысы 11 тамызда басталған еді. Айыптау актісі 55 беттен тұрады.

Сот отырысында Бақытгүл Хаменова өзіне тағылған айыпты мойындаған жоқ.

Қазанның 31 күні өткен сот отырысында прокуратура өкілі Бақытгүл Хаменованы 7 жылға бас бостандығынан, «Құрмет» орденінен айыруды ұсынды.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Бақытгүл Хаменованың ісіне қатысты сот отырысы қайта жалғасқанын жазған едік.

Бүгін, 14 қарашада өткен сот отырысында Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменоваға соңғы сөз берілді.

«Менің бұл қылмыстық оқиғаға қатысым болған жоқ. Осы іс бойынша заңға сәйкес ақтау үкімі шығарылуы мүмкін», -деді Бақытгүл Хаменова.

Атырау қаласының №2 соты Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменованы 7 жылға бостандығынан айыру, алайда кәмелетке толмаған балалары барын ескере отырып, жазаны үш жылдан кейін өтеу жөнінде үкім шығарды.

 

Байланысты жаналықтар

Орталық Азия: Геосаяси жағдайдағы Қазақстанның рөлі

19.05.2025

Тоқаев Мажарстанға барады

19.05.2025

Тоқаевты туған күнімен кім құттықтады

17.05.2025

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 72 жасқа толды

17.05.2025

Тоқаев биыл да туған күнін тойламайды

15.05.2025

Тоқаев көлік саласындағы кемшіліктер үшін Марат Қарабаевқа сөгіс берді

14.05.2025
MalimBlocks
Орталық Азия: Геосаяси жағдайдағы Қазақстанның рөлі

Шетелдік капитал иелері алдымен Қазақстанның соңғы жылдардағы сыртқы іскерлік байланыстарына назар аударады

Тоқаев Мажарстанға барады

Тоқаевты туған күнімен кім құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 72 жасқа толды

Тоқаев биыл да туған күнін тойламайды

Тоқаев көлік саласындағы кемшіліктер үшін Марат Қарабаевқа сөгіс берді