Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Әкімдердің рейтингі жол сапасы бойынша анықталатын болды

Саясат
Әкімдердің рейтингі жол сапасы бойынша анықталатын болды

Енді елдегі әкімдер рейтингі автомобиль жолдарының сапасы бойынша анықталатын болады. Бұл туралы Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, жол сапасына қатысты мыңнан аса нормативтік-құқықтық акт қайта қаралып жатыр.

Сонымен қатар, жолдардың сапасын қамтамасыз ету үшін мыңнан астам нормативтік-құқықтық актілер қайта өңделіп жатыр және жолдардың сапасы бойынша әкімдердің рейтингін анықтау әдістемесі әзірленді, - деді министр.

Министр "көлік туралы" заң жобасы шеңберінде орындалатын жұмыстардың сапасын бақылауды арттыру мақсатында кепілдік кезеңде авторлық және техникалық қадағалаудың мердігерлік ұйымдармен тең жауапкершілігі және сапа орталығына көше-жол желісіндегі жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізу бойынша өкілеттіктер беру енгізілетінін атап өтті.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу