Әлихан Смайылов Премьер-министр болып қайта тағайындалды
 
                                Мәжіліс депутаттары Премьер-Министр лауазымына Әлихан Смайыловты тағайындауға келісім берді.
Мәжіліс депутаттары Үкімет басшысы кандидатурасын талқылағаннан кейін «Қазақстан Республикасының Президентіне Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі лауазымына Смайылов Әлихан Асханұлын тағайындауға келісім берілсін» деген қаулы жобасына дауыс берді. Дауыс беру барысында жалпы отырысқа қатысқан 97 депутаттың 82-сі оның кандидатурасын қолдады. 7 депутат қарсы шығып, 8 депутат қалыс қалды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әлихан Смайыловты Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі лауазымына тағайындау туралы жарлыққа қол қойды.
Президентке Премьер-Министр кандидатурасын «AMANAT» партиясының төрағасы Ерлан Қошанов ұсынды.
 
                         
                         
                                                     
                                                     
                                                     
                                                     
                                                     
                                                    