Алматыда ғимараттар өртеніп жатыр

  • 05.01.2022

Алматыда наразылар  бесінші қаңтар күні түстен кейін қала әкімдігіне басып кіргені туралы хабар тарап жатыр. Vlast.kz  сайтының парақшалары әкімдіктің есік-терезелері сындырылғанын жазды. Жаңа алаңға бірнеше мың адам келген. Алаңға жақын кеңселерде істейтіндер оқ атылғанын естіген. Күштік құрылымдар топқа шулы гранаталар лақтырған. Әкімдікте қызметкерлер бар-жоғы белгісіз.

Ал «Новая газета» әкімдіктің орталық бөлігі мен алдыңғы жағын өрт шалғанын хабарлады. Сондай-ақ, Алматыда прокуратура ғимараты да өртеніп жатқаны жайында хабар тарады. Азаттықтың хабарлауынша, Төле би көшесінің бойындағы Сайран автобекеті қасындағы "Нұр Отан" партиясы ғимаратының есік-терезесі сындырылып, ғимараттың кей жерін өрт шалған. 

Алматыда наразылар мен полиция арасында қақтығыс болған. Кейбір ақпарат көздеріне қарағанда, наразылыққа шыққандардың арасында қолдаранына арматура ұстап, тас лақтырып, шағын дүкендерді

тоннап жатқандар да бар.

Алматы денсаулық сақтау басқармасы қаладағы наразылық кезінде 190 адам зардап шеккенін, 40 адам ауруханаға жатқызылғанын хабарлады. Зардап шеккендердің 137-сі - полицей, 53-і тұрғын.

«Жеті адам жансақтау бөлімінде жатыр, оның төртеуі полиция қызметкері» деді басқарма.

Маңғыстау облысындағы Жаңаөзен қаласында жаңа жылдан газдың қымбаттауынан басталған наразылық Қазақстанның барлық өңіріне тарады. 5 қаңтарға қараған түні Алматыда Республика алаңына жиналған наразы жұртқа билік шулы жарық граната қолданып, көзден жас ағызатын газ шашты. Бірнеше полиция көлігі өртенген. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласы мен Алматы, Маңғыстау облысында 19 қаңтарға дейін төтенше жағдай енгізді. Наразылық күшейген тұста Қазақстан үкіметі отставкаға кетті.

 

Байланысты жаналықтар

Дело о захвате аэропорта: здание суда закрыли для посетителей и адвокатов

19.09.2023

Қаңтар оқиғасы: ҰҚК экс-қызметкері Самат Әбіштен бұйрық алған

18.09.2023

Волонтерить против взяток предлагает аким Ермаганбет Булекпаев

18.09.2023

Назарбевтың бұрынғы құдасы 6 жылға сотталды

15.09.2023

Мeмлeкeттiң зaңы бip бөлeк, дiндapлapдың зaңы бip бaсқa

15.09.2023

Саяси реформалардың жарқын көрінісі

14.09.2023
MalimBlocks
Дело о захвате аэропорта: здание суда закрыли для посетителей и адвокатов

Здание алматинского горсуда закрыли для посетителей и адвокатов во вторник, 19 сентября. Известно, что в одном из залов судебных заседаний идет апелляционное рассмотрение жалобы на приговор суда первой инстанции, по которому осуждены активисты Айгерим Тлеужан, Калас Нурпеисов и еще трое алматинцев.

Қаңтар оқиғасы: ҰҚК экс-қызметкері Самат Әбіштен бұйрық алған

Жауаптардың құпия болуы Самат Әбішті жасырып қалу үшін жасалған

Волонтерить против взяток предлагает аким Ермаганбет Булекпаев

Аким Карагандинской области Ермаганбет Булекпаев объявил войну коррупционерам, причем бесплатно - силами местных жителей.

Назарбевтың бұрынғы құдасы 6 жылға сотталды

Мемлекетке өз еркімен 90 миллиард теңгенің мүлкін қайтарғанын хабарлады

Мeмлeкeттiң зaңы бip бөлeк, дiндapлapдың зaңы бip бaсқa

Eлiңнiң қaндaй зaңы бap, мeмлeкeт қaндaй тәpтiптi бaсшылыққa aлaды, oғaн бaс қaтыpмaйды

Саяси реформалардың жарқын көрінісі