Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

«Анафилаксиялық шок» алған  сенатор көз жұмды

Саясат
«Анафилаксиялық шок» алған  сенатор көз жұмды

Жаңадан сайланған сенатор Гүлмира Кәрімова кенеттен көз жұмды. Қаралы хабарды  Парламент  Сенатының баспасөз қызметі жеткізді.

Жаңадан сайланған сенатор Гүлмира Кәрімова 46 жасқа қараған шағында дүниеден озды. Сенат хабарламасында оған алдын ала «анафилаксиялық шок» деген диагноз қойылғаны жазылған.

Гүлмира Райынбекқызы 1977 жылы 13 тамызда Петропавл қаласында туған. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін, бастауыш сынып мұғалімі, Көкшетау университеті, қаржы бакалавры,  Омбы мемлекеттік педагогикалық университетінде магистратура, педагогикалық білім мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын мұғалімдіктен бастаған Райынбекқызы  2021 жылдың қыркүйегінен бастап Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы болды.  Биыл 14 қаңтарда өткен Сенат сайлауында Солтүстік Қазақстан облысынан Жоғарғы Палатаға депутат болып сайланды.     

 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу