freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Месси құтқарып қалды: Аргентина Египетті жеңіп, ширек финалға шықты

Спорт
Месси құтқарып қалды: Аргентина Египетті жеңіп, ширек финалға шықты
Фото: видеодан кадр

2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының 1/8 финалында Аргентина құрамасы Египетті 3:2 есебімен жеңіп, ширек финалға жолдама алды, деп хабарлайды Malim.kz.

Кездесу тартысты өтті. Египет құрамасы 15-минутта есеп ашып, 67-минутта қарсы шабуыл кезінде есеп айырмасын екі допқа жеткізді. Гол авторы – Мостафа Зико. Шабуылды Мұхаммед Салах пен Хайсем Хасан ұйымдастырды.

Алайда матчтың соңғы бөлігінде Аргентина ойынды өз пайдасына өзгертті. 79-минутта Кристиан Ромеро баспен дәл соққы жасап, есеп айырмасын қысқартты. Төрт минуттан кейін Лионель Месси айып алаңы маңынан әдемі соққымен таразы басын теңестірді.

Қосымша уақыттың екінші минутында Энцо Фернандес Лаутаро Мартинестің пасынан кейін баспен гол соғып, Аргентинаға жеңіс сыйлады.

Осылайша, қазіргі әлем чемпиондары қиын матчта жеңіске жетіп, әлем чемпионатының ширек финалына өтті.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу