Аналар тағы да алаңға шықты

Malim Админ

  • 01.04.2021

Сәуірдің 1-і күні Нұр-Сұлтанда бір топ ана Конгресс хол сарайының алдында наразылық акциясына шығып, биліктен көпбалалы, мүгедек балалары бар отбасыларға арзан бағада несиеге үй беруді, әр балаға 42 500 теңгеден жәрдемақы тағайындауды талап етті.

Жиынға қатысқан аналардың бірі Назира Мұқашеваның сөзінше, олар билік талаптарын орындамаған соң осылай көшеге шығуға мәжбүр болған.

 «Біз қалалық әкімдікке 15 күн қонғанда да осы талаптарды қойғанбыз. Әр балаға, бала санына қарамастан 42 500 теңге жәрдемақы тағайындау, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға арзан бағамен үй беру және отбасыға қатысты қаралып жатқан заңды мүлдем алып тастауды талап етеміз... Біз 15 күн әкімдікке қонғаннан бері осы мәселелерді көтеріп келеміз. Бірақ осы уақытқа дейін біз нақты жауап алған жоқпыз», - деді Мұқашева.  

Наразылармен кездесуге Нұр-Сұлтан қаласы ішкі саясат басқармасының басшысы  Дәурен Бабамұратов шықты. Ол бұл шараның заңсыз екенін, әйелдердің талаптарын білетінін және баспана мәселесін әкімдік қарастырып жатқанын айтты.

Байланысты жаналықтар

Алтай Көлгінов жаңа қызметке тағайындалды

27.03.2024

БҚО әкімінің экс-орынбасары Балтаев жемқорлықпен ұсталды  

08.08.2023

А.Көлгінов: Өз кәсібін ашқысы келетіндерге 50 млрд теңге бөлінді

23.12.2022

Көлгінов көш басында. Қазақстанның ең лас қалалары

05.10.2022

200 мыңнан астам астана тұрғыны тегін емделе алмайды

16.05.2022

Цой отставкаға кетсін – наразы топ

25.10.2021
MalimBlocks
Алтай Көлгінов жаңа қызметке тағайындалды

БҚО әкімінің экс-орынбасары Балтаев жемқорлықпен ұсталды  

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасарына қатысты тергеуді аяқтады.

А.Көлгінов: Өз кәсібін ашқысы келетіндерге 50 млрд теңге бөлінді

Ауыл тұрғындарының табысын арттыру жобасы елге кең көлемде  таратылатын болады.

Көлгінов көш басында. Қазақстанның ең лас қалалары

Бір апталық зерттеу аясында ауасы ең таза қалалар тізімі де жасалды.

200 мыңнан астам астана тұрғыны тегін емделе алмайды

217 мыңнан астам астаналық МӘМС жүйесінде сақтандырылмаған

Цой отставкаға кетсін – наразы топ

Еңбек министрлігі алдында он шақты адам шерулетіп, мүгедектік бойынша берілетін жәрдемақыны екі есе артыруды талап етуде. Бұл туралы Malim.kz тілшісі хабарлайды.