Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Апелляциялық сот Нұрымбетовтың жазасын жеңілдетті

Саясат
Апелляциялық сот Нұрымбетовтың жазасын жеңілдетті

 

Жамбыл облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының экс-басшысы Тимуржан Нұрымбетовке қатысты сот үкімі өзгерді деп хабарлайды Malim.kz Тимуржан Нұрымбетов пара алды, алаяқтық жасады және қызмет бабын асыра пайдаланғаны үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Екінші қараша күні апелляциялық сот үкімді қайта қарап, түрме жазасын екі жылға қысқартты. Яғни сотталған шенеунік енді сегіз жылын абақтыда өткізеді.   Нұрымбетовтың қылмыстық іс-әрекеті  мемлекетке 50 миллион теңгеден астам шығын келтірілген. Бір қызығы, сот үкімінде қылмыстық жолмен тапқан ақшаға ол «FVS 500» маркалы екі колонка, «Pudon» фирмасы шығарған микшер және микрофон алған деп көрсетілген. Сот шешімімен сәйкес, бұл заттар тәркіленеді. Еске сала кетейік, Тимуржан Нұрымбетов – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау экс-министрі Біржан Нұрымбетовтың ағасы.

Аделаида Ауеспекова

 

 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу