АҚШ басылымы Байдендердің Мәсімов және Рақышевпен не үшін кездескенін жазды

Malim Админ

  • 10.06.2021

АҚШ-тың The New York Post басылымы Джо Байден вице-президент болып тұрған кезде ұлы Хантер Байденнің Қазақстан, Украина және Ресейдегі бизнес әріптестерімен жекеменшік кафеде кездескенін жазып жатыр.  Басылым бұл жайттар Джо Байденнің ұлы Хантер Байденнің ноутбугіндегі хаттардан белгілі болды дейді.

 Басылым мәліметінше, Джо Байден 2015 жылдың 16 сәуірінде Вашингтонның Джорджтаун ауданында орналасқан "әлемдегі ең ықпалды адамдар баратын" жекеменшік Milano кафесіндегі "Garden room"-де "украин, ресейлік және қазақстандық күмәнді "бизнесмендермен" кездесіп, тіпті суретке түскен".

Хантер шақырған құрметті меймандардың арасында Ресей миллиардері Елена Батурина мен Мәскеудің бұрынғы "жемқор" мэрі Юрий Лужков, Украинадағы"Бурисма" энергетикалық компаниясының жетекшісі Вадим Пожарский болған.

The New York Post бұл кешкі асқа Қазақстанның үш шенеунігі шақырылғанын жазады. Олардың арасында сол уақытта ең ірі банк – Қазкоммерцбанктің төрағасы Марк Хольцман да болған. Хольцман кейін Хантерге хат жазып, жақсы өткен кеш үшін алғыс білдірген.

Басылымның жазуынша, Хантер қонақтарға кешкі асқа әкесі келетінін алдын

ала ескерткен. Электронды хаттардың бірінде ол кештің шынайы мақсаты –өзінің бизнес серіктерімен таныстыруды жасырып жабу үшін АҚШ-тың дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы директорлар кеңесіндегі рөлін пайдаланған. "Жақсы, кештің мақсаты азық-түлік қауіпсіздігін талқылау болсын-мыс. Әкем сол жаққа келеді, бірақ арамызда қалсын" деп жазады грек православ шіркеуінің ұлы Майкл Карлуцосқа.

Басылымның жазуына қарағанда, Хантер хаттарында кешке шақырылған өзге екі қазақстандықтың кім екенін атамады, бірақ кешкі ас өткен күні таңертең Хантердің бизнес әріптесі әрі Джон Керридің экс-кеңесшісі Арчер Қазақстанның премьер-министрі Кәрім Мәсімовпен Willard қонақ үйіндегі бөлмесіне "шағын жеке таңғы асқа" шақырылған. "Премьер-министр сізбен бірнеше сұрақты талқылағысы келеді, сізбен бірге уақытты тиімді өткізу мүмкіндігі үшін ол ризашылығын білдіреді", - делінген Хантердің хатында.

Басылымның жазуынша, келесі жылы Хантер хаттардың бірінде Мәсімовті "жақсы досым" деп жазған. The New York Post Хантер қазақстанық бизнесмен Кеңес Рақышевпен бизнес қарым-қатынас оорнатқанын және олардың хаттарын еске салады. Рақышевтің Novatus компаниясы Арчердің компаниясына Латвиядағы банк арқылы 142 мың доллар аударғанын жазады. Бұл сенаттың валюталық операциялар жөніндегі есебінен белгілі болды.

The New York Post желіде Кәрім Мәсімов пен Кеңес Рақышевтің әкелі-балалы Байдендермен түскен суреті былтыр таралғанын айта келе, төртеуі тұрған суреттің артқы фоны Milano кафесінің суреттеріндегі көрініспен ұқсас екенін жазады.

Әкелі-балалы Байдендердің Мәсімов және Рақышевпен бірге түскен, тексерілмеген сурет 2019 жылы желіде жарияланған. Бұл сурет алғаш активтерді қайтару жөніндегі Қазақстан бастамысының сайтына шыққан.

The New York Post қолға түсірген ақпаратқа қарағанда, президент Байден Milano кафесіне тұрақты түрде барып тұрады.

Хантер Байденнің Ресей, Украина мен Қазақстан бизнесмендерімен жазысқан хаттары оның ноутбугі қолға түскен соң белгілі болды. Хантер Байден өзінің MacBook-ін 2019 жылдың сәуірінде Дэлавердегі ноутбук жөндейтін қызметке тапсырып, оны сол бойы ұмытып кеткен. Кейін ноутбуктағы мәліметтер журналистер қолына түскенде Байденнің ұлы "ноутбук өзіне тиесілі болуы мүмкін екенін, бірақ нақты білмейтінін" айтқан. 2019 жылдың желтоқсанында ноутбукті федералды тергеу бюросы тәркілеген.

 Журналист Миранда Девайннің Хантер ноутбугіндегі хаттар негізінде зерттеу жазып шыққан. Оның  "Тозақтан шыққан ноутбук" кітабы қыркүйекте жарық көреді.  The New York Post Хантердің хаттары жайлы жақында бірнеше мақала жазды.

Ақ үй бұл оқиғаларға қатысты түсінік бермеді, Джо Байден бұдан бұрын өз ұлының бизнесі мен қызметінен хабарсыз екенін мәлімдеген. Басылым ұлының бизнес серіктерімен кездескен Байден Хантердің шетелдік компаниялар мен өзге елдің шенеуніктерімен қарым-қатынасы мен келісімшарттарын қалайша білмеді деген сұрақ қояды.

The New York Post Хантер Байденнің авторитарлы елдердің бизнесмендерімен күмәнді келісімшарттары мен қарым-қатынасын былтыр АҚШ-тағы президент сайлауы кезінде де көтерген. Сол уақытта желіде әкелі-балалы Байдендердің Мәсімов және Рақышевпен түскен суреті шыққан.

 

 

 

Байланысты жаналықтар

Серік Жұманғарин Ұлттық экономика министрі болып тағайындалды

21.12.2024

Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров бір жылға жетпей қызметінен алынды

21.12.2024

Бергей Рысқалиевтің Қазақстандағы бизнес-активтері

20.12.2024

Сирия лагеріндегі орыс әйелдерінің ертеңі не болмақ?

20.12.2024

ВВС-ге Сирияның жаңа көсемі сұхбат берді

20.12.2024

Мемлекет басшысы Euronews директорлар кеңесінің төрағасы Педро Варгас Давидті қабылдады

20.12.2024
MalimBlocks
Серік Жұманғарин Ұлттық экономика министрі болып тағайындалды

Ол бұған дейін министрлікті басқарып келген Нұрлан Байбазаровты алмастырды

Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров бір жылға жетпей қызметінен алынды

Ол президент Жарлығымен лауазымынан босатылды

Бергей Рысқалиевтің Қазақстандағы бизнес-активтері

Сирия лагеріндегі орыс әйелдерінің ертеңі не болмақ?

ВВС-ге Сирияның жаңа көсемі сұхбат берді

Сұхбат барысында азаматтық киім киген көтеріліс жетекшісі босаңсып, көзіне жас іркілді және өз ұйымының экстремистік кезеңнен өткенін, ондай шақтан толық бас тартқанын қайталаумен болды.

Мемлекет басшысы Euronews директорлар кеңесінің төрағасы Педро Варгас Давидті қабылдады