АҚШ Қазақстанға әскер кіргізбейді

АҚШ Ресейдің RT телеарнасының Қазақстанға қатысты мәлімдемесін жоққа шығарды.
АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі Пентагонның Қазақстан аумағына әкерін кіргізуіне байланысты БАҚ өкілдерінің сауалына жауап берді. Онда Вашингтонның әскер кіргізуге байланысты ешқандай жоспары жоқ екендігі айтылған.
«АҚШ үкіметі келісімдер жөніндегі конкурстардың қорытындысын ашық жариялайды. RT жариялаған ақпарат АҚШ қорғаныс министрлігінің тендерлерін нақты көрсетпеген. Қазақстанға әскер кіргізеді деген ақпарат шындыққа жанаспайды», - делінген жауапта.
АҚШ қарулы күштерінің орталық басқару басқармасының басшысы генерел Кеннет Маккензи жақында Конгрессте сөйлеген сөзінде Орталық Азия елдеріне қатысты мәлімдеме жасаған. Онда ол «Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан және Қазақстанмен елдерінің бірде-бірімен әскери база салуға байланысты келісім жоқ» деген.
Бүған дейін RT АҚШ әлемнің 20 еліне 240 миллион долларға әскери база салмақ. Оның ішінде Таяу Шығыс пен Орталық Азиядағы Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түркіменстан бар екендігін айтқан.
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks

«Аманат» мүшесі әкім сайлауы әділ өтетініне сенбейді
Алдағы айда өтетін аудан әкімдері сайлауы «Аманат» партиясының берекесін кетіретіндей. Неге десеңіз, қазірдің өзінде «Аманат» партиясының мүшелері сайлаудың әділ болмағына күмән келтіріп жатыр. Жалпы, билік партиясының өкілдері бұрын-соңды сайлауға келгенде әділетсіздік көрмейтін.
Дело о захвате аэропорта: здание суда закрыли для посетителей и адвокатов
Здание алматинского горсуда закрыли для посетителей и адвокатов во вторник, 19 сентября. Известно, что в одном из залов судебных заседаний идет апелляционное рассмотрение жалобы на приговор суда первой инстанции, по которому осуждены активисты Айгерим Тлеужан, Калас Нурпеисов и еще трое алматинцев.