«Ақжолдықтар» зауыт қызметкерлерімен кездесті

Malim Админ

  • 09.03.2023

«Ақ жол» демократиялық партиясы Республикалық штабының мүшелері Берік Дүйсембинов, Дмитрий Васильев, Абай облысы филиалының төрағасы Ержан Тілеужанов және Мәжіліс пен жергілікті мәслихат депутаттығына кандидаттар «Қазполиграф» ЖШС мен Семей цемент зауытының еңбек ұжымдарымен кездесулер өткізуде.

Партия төрағасының орынбасары Берік Дүйсембинов партияның саяси бағдарламасының алты басым бағытын атады: Тәуелсіздік пен «Алаш» ұлттық идеясы, демократия мен парламентаризм, сыбайлас жемқорлық және де-офшоризациямен күрес, әлеуметтік әділеттілік, нарықтық экономика және кәсіпкерлікті қолдау, сыртқы саясат. Ол сыбайлас жемқорлықпен күреске қатысты мәселеге егжей-тегжейлі тоқталып, «Ақ жол» демократиялық партиясы қылмыстық-атқару жүйесінде жазасын өтеп жатқан жемқор шенеуніктерді шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға заң жүзінде тыйым салу қажет деп санайтынын айтты.

Жиналғандар зейнет жасын төмендету, әлеуметтік баспанаға қатысты сұрақтар қойды. Сондай-ақ, Үкімет алдында ауыл шаруашылығын қолдау мәселесін көтеруді сұрады. Қызметкерлер ақжолдық кандидаттарға кездесу үшін алғыс айтып, қолдау білдірді.

Республикалық штаб мүшелері сайлаушылардың сөздері мен ұсыныстарын назарға алып, 19 наурызда «Ақ жол» демпартиясын қолдау үшін сайлау учаскелеріне келуге шақырды.

Байланысты жаналықтар

Тоқаевты туған күнімен кім құттықтады

17.05.2025

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 72 жасқа толды

17.05.2025

Тоқаев биыл да туған күнін тойламайды

15.05.2025

Тоқаев көлік саласындағы кемшіліктер үшін Марат Қарабаевқа сөгіс берді

14.05.2025

Қазақстан мен БАӘ 5 млрд долларға жуық инвестициялық құжатқа қол қойды

12.05.2025

Тоқаев пен Абу Дабидің Тақ мұрагері өзара ынтымақтастық бойынша құжат алмасты

12.05.2025
MalimBlocks
Тоқаевты туған күнімен кім құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 72 жасқа толды

Тоқаев биыл да туған күнін тойламайды

Тоқаев көлік саласындағы кемшіліктер үшін Марат Қарабаевқа сөгіс берді

Қазақстан мен БАӘ 5 млрд долларға жуық инвестициялық құжатқа қол қойды

Тоқаев пен Абу Дабидің Тақ мұрагері өзара ынтымақтастық бойынша құжат алмасты