Арман Шораев: «Менің жеңісімді ұрлап жатыр»

Протоколдардың жартысы біздің қолымызға тимейді

Malim Админ

  • 20.03.2023

Астана қаласының №2 округінен Мәжіліс сайлауына қатысқан Арман Шораев әлеуметтік желіде  мәлімдеме жасады. Ол бейнежазбаны 19 наурыз түнгі сағат 2:00 де желіге жүктелген.

«Қолыма түскен 30 пайыз протоколға сеніп айта аламын, мен жеңіске жеттім. Өкінішке қарай, сол протоколдардың жартысы біздің қолымызға тимейді, бүгін. Өйткені сайлаукомдар мені, сенімді өкілдерімізді, бақылаушыларымызды есіктен шығарып жіберіп, өзінің қара жұмыстарын жасап жатыр... Бұл жерде заңды сұрақ туындайды. Не үшін сайлауды жарияладыңдар, масқара болу үшін бе?» дейді А.Шораев.

Мәлімдеме соңында Мәжіліске үміткер оңай бүгілмейтінін, жеңіске жеткенін білетінін айтады. «Ал сендер әділ жеңісімді ұрлап жатырсыңдар» дейді ол. 

Бұған дейін әлеуметтік желіде Қазақстан халық партиясының мүшесі Нұрия Балтабайқызы осы партия төрағасы Ермұхамет Ертісбаевтың Ресей журналисі Владимир Соловьевқа берген сұхбатының астында «Арман Шораев ар-намысқа тиетін сөз жазды» деп, оны сотқа берген еді.  Артынша, Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты  Арман Шораевқа қатысты шешім шығарған. Ол Қазақстан Халықтық партиясынан үміткер Нұрия Балтабайқызының  ар-намысына  нұқсан келтіретін мәліметтерді таратқаны үшін кінәлі деп танылды. Сайлау күні жақындағанда Шораев саяси додаға қосылды.    

Байланысты жаналықтар

20 мыңға жуық әскери қызметшінің несиелері кейінге шегерілді

07.05.2025

«Адам құқығы қайда қалды, депутат мырза?!»: Дана Нұржігіт Ардақ Назаровтың ұсынысына қарсы шықты

05.05.2025

Мәжіліс Салық кодексі жобасын екінші оқылымда қабылдады

30.04.2025

«Бұл өте қауіпті. Ринат Зайыт министрге МӘМС бойынша мәселелерді тізіп берді

30.04.2025

Жастар «күлдіретін шариктерден»кейін естерін жоғалтып жатыр. Депутат дабыл қақты

17.04.2025

Тоқаев Мәжіліс төрағасы Қошановты қабылдады

16.04.2025
MalimBlocks
20 мыңға жуық әскери қызметшінің несиелері кейінге шегерілді

Кейінге қалдырылған қарыздардың жалпы сомасы 7,5 млрд

«Адам құқығы қайда қалды, депутат мырза?!»: Дана Нұржігіт Ардақ Назаровтың ұсынысына қарсы шықты

Ардақ Назаров ажырасқан адамдарға арнайы жарна төлетуді ұсынған

Мәжіліс Салық кодексі жобасын екінші оқылымда қабылдады

«Бұл өте қауіпті. Ринат Зайыт министрге МӘМС бойынша мәселелерді тізіп берді

Жастар «күлдіретін шариктерден»кейін естерін жоғалтып жатыр. Депутат дабыл қақты

Тоқаев Мәжіліс төрағасы Қошановты қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады