Астанада «ШЫҰ+» кездесуі басталды

1 сағаттан астам уақыт бұрын ШЫҰ саммиті аяқталған болатын.

Берік Дәулетов

  • 04.07.2024

Елордадағы Тәуелсіздік сарайында Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммиті аясындағы «ШЫҰ+» кездесуі басталды, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.

Кездесуге Ұйымға мүше 10 мемлекеттің басшысымен қатар БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гуттериш, БАӘ Жоғары федералдық кеңесінің мүшесі, Рас-әл-Хайма әмірлігінің билеушісі Сауд ибн Сакр әл-Касими, Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов, Моңғолия Президенті Ухнаагийна Хурэлсуха, Президент Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған, Қатар Мемлекетінің Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни қатысуда.

Айта кетейік, осыдан 1 сағаттан астам уақыт бұрын ШЫҰ саммиті аяқталған болатын. Іс-шара барысында Беларусь Ұйымның толыққанды мүшелігіне өтті. 

Осылайша, Ұйым «Шанхай ондығы» ретіндегі жұмысын бастады. Сондай-ақ саммит қорытындысында Мемлекет басшылары Астана декларациясына және Ұйым қызметіне қатысты өзге де бірқатар маңызды құжатқа қол қойды.

Фото: Ақорда

Байланысты жаналықтар

“Көз тиюден” арыламын деген сатушы алаяққа тап болды

14.05.2025

Астанадағы «Шанхай» базарындағы өрт сөндірілді

13.05.2025

"Астана LRT" ЖШС-нің бұрынғы басшысы Талғат Ардан ұсталды

13.05.2025

Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады

10.05.2025

Астанадағы мешітте жұма намазға келген екі адам жанжалдасып қалды

10.05.2025

Үш қазақ балуаны Grand Slam турнирінде қола медаль жеңіп алды

09.05.2025
MalimBlocks
“Көз тиюден” арыламын деген сатушы алаяққа тап болды

Астанадағы «Шанхай» базарындағы өрт сөндірілді

"Астана LRT" ЖШС-нің бұрынғы басшысы Талғат Ардан ұсталды

Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады

Астанадағы мешітте жұма намазға келген екі адам жанжалдасып қалды

Үш қазақ балуаны Grand Slam турнирінде қола медаль жеңіп алды

Екі спортшы 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде медаль жеңіп алды.