Азаматтық қоғам  әділетті мемлекет қалыптастырады

Қазақстанда тіркелген үкіметтік емес ұйымдардың саны 22 мыңның шамасында

Malim Админ

  • 21.07.2022

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы қазақстандық қоғамның әділетті, ашық, саламатты болуын көздейтін қадам.  Азаматтарға арналған Жолдауларында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Халық үніне құлақ асатын мемлекет – бұл мемлекеттік органдар тек азаматтардың күнделікті мәселесіне байланысты жауап қатуы тиіс деген сөз емес. Бұл,  ең алдымен билік пен қоғам арасындағы тұрақты диалог» деп мәлімдеп келеді.  Атқарушы билік пен бұқараның арасында сындарлы қоғамдық диалог болуы үшін азаматтардың құқықтары мен еркіндігі қорғалып, қоғамдық институттардың рөлі күшейтілуі қажет. Елімізде азаматтық қоғам қалыптастыру, оны дамыту осындай қам-қарекеттерден басталатынын қаперден шығармаған жөн. Себебі, қазіргі заман ағымына ілеспеген мемлекеттің алға басуы екіталай. Сондықтан, еліміздің болашағы жолында белсенді, көзі ашық азаматтардың бір жерге шоғырланып,  өзара топтаса бастағанын байқаймыз. Олар елдің ішкі мәселелеріне тереңірек үңіліп, олқы тұстарымыздың орнын толтырып, кем-кетігімізді бүтіндеуге үлес қосып келеді.  Азаматтық қоғамның оң өзгерістерін  біз әсіресе дамыған Батыс елдерінен көреміз.  Оларда үкіметтік емес ұйымдар қуатты саяси күшке ие.   Кейбір ұйымдардың құрылу кезеңі 30-40 жыл бұрын басталған. Мәселен, World Wildlife FundGreenpeace, DoctorsWithoutBorders, Oxfam,  Transparency International және басқа­лары. Себебі олар өз секторының на­ғыз қозғаушы күшіне айналып үлгерген. Ал Үкімет бірқатар салада маңызды шешім қабылдарда осындай Үкіметтік емес ұйымдарды назардан тыс қалдырмайды. Себебі, азаматтық қоғамның әлеуеті мығым, пермені зор. Қазақстанда мұндай белсенді  азаматтар мен үкіметтік емес  ұйымдар енді ғана тамыр жайып келе жатыр.  

«ҚазақстанныңАзаматтық альянсы» бірлестігінің президенті Асылбек Қожахметов Қазақстанда азаматтық қоғамның кешеуілдеп барып қалыптаса бастағанының себебін масылдық психологиямен байланыстырып жүр.  Айталық, Кеңес одағы үстемдік етіп тұрғанда азаматтарды  мемлекет жарылқап, олар барлығын да содан күтті. Осыдан барып қоғамда жатыпішер, өз бетімен тырбанып еңбек етпейтін әлжуаз топтар қалыптасып үлгерді.  Қоғам белсендісінің айтуынша, қазіргі нарық дәуірінде кәсіпкерлік сана-сезім алдыңғы орынға шығуы тиіс.  Еліміздегі кейбір кәсіп тізгінін ұстаушы тұлғалар осы ұстанымды негіз етіп жүр.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде келісім мен бейбітшілікті қалыптастыру үшін де азаматтық қоғам институттарына қолдау жасауға пәрмен берді.  Қазіргі таңда Қазақстанда тіркелген үкіметтік емес ұйымдардың саны 22 мыңның шамасында.  Олардың қамтитын бағыттары да біршама кеңейе түскен.   Саясаттанушы Алуа Жолдыбалинаның пікірінше, дамытуды керек ететін сала – волонтерлер институты. Сондай-ақ азаматтық қоғам мемлекеттің серіктесі деңгейінде бірқатар проблемаларды оңтайландыруға атсалысуы керек.  Бұл санатқа азаматтарды шешім қабылдауға көптеп қатысуға серпін беретін  қадамдар жатады.

Қазіргі уақытты қай салада болмасын қоғамдық институттардың кәсіби белсенділігі аса қажет. Олай болмаған жағдайда азаматтардың өміріне, денсаулығына кері әсер ететін жағдайлардың орын алып кетуі бек мүмкін.   Қоғам белсенділері әлеуметтік желіні белсенді қолдануының арқасында көптеген шетін үрдістерге тосқауыл қойды. Мысалы, туризмді дамытпақ ниетпен Бозжыра шатқалында қонақүй салынады делінді.  Алайда аймақ тұрғындарымен қатар экобелсенділер мұның табиғатқа зиян келтіріп жатқанын айтып, дабыл қақты.  Азаматтардың үні көп ұзамай билікке, Президентке жетіп бұл жобаны жүзеге асыруға тосқауыл қойылды. Әрине, сапалы зерттеу-зерделеу жұмыстары жүргізілгені айқын.    Айталық дәл осы экология саласында мега жобаларды қолға алмас бұрын қоғамдық тыңдаулар өткізіледі. Осы бойынша жобаның қоршаған ортаға қаншалықты ықпал-әсері бар екендігі сарапқа салынады.    

Экологиялық ұйымдар қауымдастығының өкілі Елдос Абақановтың айтуынша белсенділердің әрекеті арқасында табиғатқа залалын тигізетін бірнеше жобаға дер кезінде тоқтау салынған.   «Мысалы, Семей ядролық полигоны жерінде түсті металдарды өндіріп шығаратын кеніш жұмысы басталмақ болды. Алдымен қоғамдық тыңдау өткізіліп, біздің қауымдастықтың бір өкілі ол бастаманы қолдамайтынын жеткізді. Оның бір себебі, кеніш орналасатын аумақтан 30 шақырым қашықтықта ауыл бар екен. Қауымдастық мүшесі осыны алға тартып, қазба жұмыстарын жүргізген жағдайда радиация  тарап, ауыл тұрғындарына зиянын тигізетінін жеткізді. Осындай  мәжілістерге аза­маттардың көбірек қатысуы келеңсіз жағдайлардың  алдын алды.

Еліміздегі азаматтық қоғам институттарының әлеуметтік тұрғыда ғана емес, саяси жағынан да терең білімді белсенді болғаны «еститін мемлекет» үшін аса маңызды.  Осы мақсатта «қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамытудың тұжырымдамасы» қолға алынды. Бұл маңызды құжат өзін-өзі басқару институттарының көбеюіне оң септігін тигізеді.  Қай салаға қаражат көбірек құйылса сол төңіректе жүретін емес, белгілі бір тақырыптың ұңғыл-шұңғылын білетін, ұстанымынан айнымайтын  ұйымдар мен жеке тұлғалардың  қатары көбейсе ұтылмасымыз анық. 

Үш жыл бойы халықтың өзекті проблемаларының шешім табуына ықпал еткен Сенім кеңесі, бүгінгі Ұлттық құрылтай азаматтық қоғамның қазақ топырағында орныға бастағанын айғақтайды.  Жоғары билік пен еркін ойлы қоғамдық ұйымдардың  диалогта болуы мемлекетті сапалық жағынан өркендететінін   ұмытпауға тиіспіз.     

Байланысты жаналықтар

Тоқаев Мәжіліс төрағасы Қошановты қабылдады

16.04.2025

Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директорын қабылдады

16.04.2025

Тоқаев экономика мәселелеріне қатысты жұмыс отырысын өткізді

16.04.2025

Лавровқа қатаң жауап: саясаттанушы Тоқаевтың ұстанымы мен халықаралық хаос туралы айтты

15.04.2025

Тоқаев заңға қол қойды: шетелдік легионерлерге қаржы бөлінбейді

15.04.2025

Тоқаев Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады

15.04.2025
MalimBlocks
Тоқаев Мәжіліс төрағасы Қошановты қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады

Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директорын қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директоры Даниил Шулейконы қабылдады

Тоқаев экономика мәселелеріне қатысты жұмыс отырысын өткізді

Астанада Қауіпсіздік кеңесінің жұмыс отырысы өтті

Лавровқа қатаң жауап: саясаттанушы Тоқаевтың ұстанымы мен халықаралық хаос туралы айтты

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың аумақ тұтастығы туралы ұстанымына қарсы екенін айтқан еді. Саясаттанушы Ғазиз Әбішев бұл мәселеге қатысты пікір білдірді

Тоқаев заңға қол қойды: шетелдік легионерлерге қаржы бөлінбейді

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Тоқаев Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады

Мемлекет басшысы Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасы Николай Подгузовты қабылдады