Азаматхан Әміртаевты өзі құрған партиядан қуып жіберді

«Байтақ» саяси партиясының саяси кеңесі 6 мамыр күні кезектен тыс отырыс өткізіп, партия жетекшісі Азаматхан Әміртаевты партиядан шығарып жіберген.

Орал Кайрат

  • 08.05.2023

«Байтақ» партиясының орталық аппаратының хабарлауынша, А. Әміртаев жүйелі түрде партия жарғысы бұзып, басшылық қызметі жекешелендіріп алған. Құрылтай өткізбей, көпшілікпен кеңеспей жатып аймақтағы партия бөлімшелерінің басшыларын өз қалауынша ауыстырған.

«2023 жылдың 17 наурызында  партия жарғысын бұзып, алдын ала жасалған келісімшартқа қарамастан республикалық штаб пен аппаратты, хатшылығымен қосып жұмыстан шығарып жіберді. Төртінші сәуірде Әміртаев құрылтай бекітпеген, саяси кеңес мүшесіне кірмеген адамдардан тексеру комиссиясын жасақтады. Сондай-ақ, облыстық жиын өткізіп, ақылдаспастан жатып, Түркістан облысындағы партия бөлімшесінің жетекшісін өз тағайындай салды» деп тізбелейді әлгі хабарламада.

Енді, «Байтақ» партиясы жаңа құрылтай өткізіп, жаңа басшы іздемек.   Бұл партия 2022 жылы 30 қарашада тіркелген болатын. Соңғы мәжіліс сайлауында жеңіліп қалды.

Партиясынан шығып қалғанын  Азаматхан Әміртаев Фейсбук парақшасында жағдайды былай түсіндірді:

«Есіктен кірмей жатып төр менікі» дейтін бұлар кімдер?

Жүре берсең көре бересің деген рас екен. Мұны неге айтып отырмын. Менің басымда яғни «Байтақ» партиясында мынадай жағдай болып жатыр. Осыдан бірер күн бұрын, Қостанайға қарай іс сапарға шығып кеткенмін. Өйткені партия құрдым деп, кеңседе отырып алу маған жат. Облыстардағы белсенділермен кездесу, халықпен жүздесу дегендей жұмыс көп. Өйткені мен, сайлау кезінде ғана «тіріліп» қалған уақытта «ұйқыға» кететін партия жасақтаған жоқпын. Үнемі халықпен араласып, қоғамда болып жатқан оқиғаларға үн қатып, қордаланған проблемаларды мүмкіндігіміз жеткенше шеше алатын партия құрдым. Сондай бір тірлікпен іс сапарға шығып кетсем, Алматыда орналасқан партияның бөлімшесі яғни «Байтақтың» атынан мәслихат депутаты болған үш белсендіміз жасырын жиналыс өткізіп, мені партиядан да, басшылықтан да «шығарып» тастапты. О тоба мұндайда болады екен-ау. Сол шіркіндер заңды белінен бірақ басқанға ұқсайды. Басқаны қайдам, ең құрмағанда партияның жарғысын оқып танысты ма екен? Жарғыда бәрі анық жазылған. Бұлар соныда оқымаған сияқты. Заңсыз тірлікке барып отыр. Ары беріден соң, бұл азаматтарды партияға мен едім қабылдаған. Ендігісі мынау. «Іштен шыққан жау жаман» деген осы екен ғой. Мұндай екіжүзді азаматтар халықтың алдына қалай шығады, қалай сөйлеседі? Түсінбеймін. Егерде бұлар мен сияқты әу баста қозғалыс құрып, арқа еті арша, борбай еті борша болып табанынан таусылып жүріп партия құрса, 18 рет Әділет министрлігіне құжат өткізіп, 18 рет тауы шағылса, қалтасынан қаржы шығарып, әр облыстан қоғам белсенділерін жасақтаса, онда әңгіме басқа. Кеше ғана партияға мүше бола салып, былайша айтқанда «есіктен кірмей жатып төр менікі» дейтіндей бұлар кімдер? Бүгін маған опасыздық жасағандар, ертең халықты алдап, ұлт мүддесін сатып кетуденде тайынбасы хақ. Мен мұндай жөнсіздікке жол бере алмаймын. Бәрін заң жүзінде орын, орнына қоямын! Қысқасы менің орнымды, мен құрған партияны тартып аламын деп қималары қышымай-ақ қойсын! Бәріне әділ заң төреші!

Дегенмен, Азаматхан Әміртаевтың бұл жауабына «Байтақ» партиясының мүшесі   Чингиз Леписбаев қарымта қайтарды. Оның жазуынша, Азаматхан Әміртаевтің әр сөзі тек өтірік.

Жасылдар партиясы іштей осылайша жаға жыртысып жатыр.  

 

 

Байланысты жаналықтар

«Байтақ» блогерлердің кофесүйгіш Respublica-сы болғысы келмейді

03.02.2023

«Ауыл» қорықпайды, «Байтақ» мәжіліске бармақ

21.01.2023
MalimBlocks
«Байтақ» блогерлердің кофесүйгіш Respublica-сы болғысы келмейді

Астанада "Байтақ" партиясының құрылтайы өтіп жатыр.

«Ауыл» қорықпайды, «Байтақ» мәжіліске бармақ

Жақында ғана тіркелген «Байтақ» партиясының жетекшісі Азаматхан Әміртайға  президент Қ.Тоқаевтың мәжілісті таратып, кезектен тыс сайлау тағайындау шешімі қуат бергендей.