Бағдат Мусин «Қазақтелекомды» басқаратын болды

Ол 2020 жылдан 2024 жылға дейін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі қызметін атқарды.

Malim Админ

  • 10.06.2024

«Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің бұрынғы басшысы Бағдат Мусин «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды Malim.kz

Бағдат Мусинге Қордың ең маңызды активтерінің бірін басқаруда үлкен табыс тілеймін. Сондай-ақ, Қуанышбек Есекеевке еліміздің ең ірі телекоммуникациялық компаниясын 14 жылдан астам табысты басқарғаны үшін алғыс білдіремін. Қордың негізгі компанияларының бірі - «Қазақтелеком» АҚ-ның дамуына бірінші басшысы ретінде қосқан үлесіңіз шексіз, – деп атап өтті Қордың басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов.

Бағдат Мусин 2004 жылы Сүлеймен Демирел атындағы университетінде «Есептеу техникасын бағдарламалық және техникалық қамтамасыз ету» мамандығы біліп алып шығады. 2006 жылы Қазақ құқық және халықаралық қатынастар институтын заңгер мамандығы бойынша тәмамдайды. Еңбек жолын 2004 жылы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-да бағдарламалық қамтамасыз ету жөніндегі бас инженер болып бастады.

2007 жылдан 2020 жылға дейін Әділет министрлігінде, Байланыс және ақпарат министрлігінде, Бас прокуратурада түрлі мемлекеттік қызметтерді атқарды. Сондай-ақ Президенттің цифрландыру және инновациялық технологиялар бойынша кеңесшісі болды. Басқа да мемлекеттік лауазымдарда қызмет атқарды.

Соңғы бірнеше жылда – 2020 жылдан 2024 жылға дейін – Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі қызметін атқарды. Сонымен қатар жеке компанияларда, оның ішінде корпоративтік венчурлық қорлардың басшысы болды. 2014-2016 жылдар аралығында Бағдат Мусин «Қазпошта» компаниясын басқарды.

Еске салсақ, "Қазақтелеком" АҚ басқарған Қуаныш Есекеев президенттің кеңесшісі болып тағайындалған еді.  

Фото: Бағдат Мусин/Facebook

Байланысты жаналықтар

Президент бірқатар мемлекетке жаңа елші тағайындады

06.09.2024

Қайрат Сатыбалды бостандыққа шықты

04.09.2024

Үкімет аппараты басшысының орынбасары тағайындалды

26.08.2024

Головкин бас хатшысын жұмыстан босатты

21.08.2024

Президент Әкімшілігінде бөлім меңгерушілері тағайындалды

01.08.2024

Қызметкерлерін балағаттаған Жамбыл облысы полициясының бастығы қызметінен шеттетілді

31.07.2024
MalimBlocks
Президент бірқатар мемлекетке жаңа елші тағайындады

Сергей Нұртаев Қазақстанның Швеция мен Даниядағы елшісі қызметінен босатылды

Қайрат Сатыбалды бостандыққа шықты

Жазасының қалған мерзімін Алматыдағы пробациялық бақылауда өткізеді

Үкімет аппараты басшысының орынбасары тағайындалды

Еңбек жолын 2009 жылы бастаған

Головкин бас хатшысын жұмыстан босатты

Өтешова биылғы ақпан айынан бастап ҚР ҰОК-нің атқарушы директоры болды

Президент Әкімшілігінде бөлім меңгерушілері тағайындалды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Қызметкерлерін балағаттаған Жамбыл облысы полициясының бастығы қызметінен шеттетілді

ІІМ қызметтік тексеріс тағайындады