Байбек берген жерден тағы да дау шықты

Malim Админ

  • 19.02.2021

Алматыдағы орталық саябақ аумағына жатақхана салуға рұқсатты «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек берген.

Абай атындағы ҚазҰПУ проректоры Ғабит Дулатовтың сөзінше, саябаққа тиесілі жерге жатақхана салуға рұқсатты 2018 жылы қала әкімі Бауыржан Байбек берген.

«Мына жерге келетін болсақ, бұнда 4 гектар жер бар. Ол Спорт және туризм колледжінің балансынан Абай атындағы ҚазҰПУ қарамағына 2011 жылы қалалық әкімдік (бұл уақытта Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов болған - ред) берген... 2018 жылы Алматы қаласы әкімінің шешімімен бізге бұл жерге жатақхана салуға рұқсат берілген. Мемлекеттік акт, шешім бойынша бұл біздің жеріміз. Бұл жердің иесі бізбіз. 10 жылдан бері жердің иесі біздің университет. Біз жатақхана салуға байланысты әкімшілікке жүгіндік. Осындай жер бар екенін айттық, әкім шешімімен бізге рұқсат берілді. 2018 жылы кім болды? Байбек. Байбектің шешімі бойынша...», - деді Дулатов.

Проректордың айтуынша, университеттің жатақхана салатын жері жоқ. Егер әкімшілік басқа жер беретін болса, онда сол жерге жатақхана салуға дайын.

«Қазіргі уақытта біз министрлік және қаламен бірге өзге де нұсқаларды қарап жатырмыз. Қазір бізде, университетте студенттерге арнап жатақхана салатын жер жоқ. Біз әкімдікке шығамыз. Олар бізге басқа жақтан жер берсін. Осы инвестормен сол жерге жатақхана сала аламыз... », - деді Дулатов.

Саябақ жеріне жатақхана салуға қарсы белсенділердің айтуынша, саябақ аумағы ашылған уақытынан бері үш есеге кішірейген. Бұрындары саябақ аумағы 120 гектар болған. Қазір одан 42 гектар ғана қалған. Белсенділер бастапқыда жатақхана ретінде салынатын нысан, болашақта коммерциялық мақсаттарға пайдаланылады деп есептейді. Белсенділер 18 ақпанда аталмыш мәселеге байланысты президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына үндеу де жасаған.

Естеріңізде болса, бұған дейін Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінде де жер дауы шыққан. Бірақ онда университеттің 0,7495 га жері «OMIREX ЖШС»-ға уақытша пайдалануға берілген. Кейіннен бұл компанияға «Joint Technologies» компаниясы арқылы экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеубаласы Тимур Құлыбаев иелік ететіні белгілі болған. Бұл жерде 2017 жылы Бауыржан Байбек әкім болып тұрған уақытта берілген.

Жер дауы шыққан уақытта университет ректоры Ғалымқайыр Мұтанов қызметінен кетіп, оның орнына Жансейіт Түймебаев келген.

Байланысты жаналықтар

Алматы маңында тағы да жер сілкінді

16.05.2025

Алматыдан 234 шақырым жерде жер сілкінді

12.05.2025

Алматыда жер сілкінді

10.05.2025

Сара Назарбаеваның қайда емделіп жатқаны белгілі болды

10.05.2025

Алматыда Жеңіс күніне орай дрондар шоуы өтті

09.05.2025

«Елім саған айтам, Елбасы сен де тыңда!» - 13-14-ші хат

09.05.2025
MalimBlocks
Алматы маңында тағы да жер сілкінді

Алматыдан 234 шақырым жерде жер сілкінді

Алматыда жер сілкінді

Сара Назарбаеваның қайда емделіп жатқаны белгілі болды

Алматыда Жеңіс күніне орай дрондар шоуы өтті

«Елім саған айтам, Елбасы сен де тыңда!» - 13-14-ші хат

Мeмлeкeт басшыларынан бастап, жeргiлiктi əкiмтайға дeйiн қазақша сөйлeмeсe, бұл тiлдe рeсми құжаттар жүргiзiлмeсe – oның нeсi мeмлeкeттiк тiл?! Басқа-басқа, Кoнституцияның өтiрiк айтқаны – өлгeнi ғoй. Нe бoлмаса, Кoнституция қағидасын oрындамай oтырғандар oңбаған. Eкiнiң бiрi. Мiнe, бұл əдiлeтсiздiккe нeгiздeлгeн қoғамның нышаны