Дүйсенбіде Сеул соты бұрынғы президент Юн Сок Ельді 2022 жылғы президенттік науқан кезінде жалған ақпарат беру арқылы сайлау заңнамасын бұзғаны үшін кінәлі деп тапты, деп хабарлайды Yonhap ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған Malim.kz.
Сот Юн Сок Ельді 2022 жылғы наурыздағы сайлау алдында Халық билігі партиясынан (ХБП) президенттікке кандидатурасын ұсынған кезде жалған куәлік бергені үшін кінәлі деп танығаннан кейін 18 айға бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Сот үкімін орындау үш жылға кейінге қалдырылды.
Үкім апелляциялық тәртіпте расталған болса, ХБП Юн Сок Ельдің 2022 жылғы сайлауда жеңісінен кейін сайлау комиссиясынан науқан шығындары ретінде алған шамамен 40 млрд вон қайтаруы тиіс болады.
Бұрынғы президенттің адвокаттары сот шешіміндегі көптеген қателікті алға тартып, апелляциялық шағым түсіретінін мәлімдеді.
Осыған дейін Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті тағы екі жылға бас бостандығынан айырылғанын жаздық. Сот бұрынғы президентті «Саяси қорлар туралы» заңды бұзғаны үшін кінәлі деп таныды.
2026 жылғы ақпанда Юн Сок Ёль әскери жағдай жариялау арқылы бүлік ұйымдастырғаны үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылған еді. Кейін ол бұл үкімге шағым түсірді.
Маусым айында бұрынғы президент жауға жәрдемдесті және қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген айып бойынша 30 жылға бас бостандығынан айырылды.
Бұған дейін Оңтүстік Кореяның Жоғарғы соты сот төрелігіне кедергі келтірді деген іс бойынша бұрынғы президентке шығарылған жеті жылдық бас бостандығынан айыру туралы үкімді күшінде қалдырған болатын.