Байден АҚШ президенті қызметіне кірісті

Malim Админ

  • 20.01.2021

Джо Байден инаугурацияда ант беріп, АҚШ-тың 46-президенті қызметіне ресми кірісті. Одан сәл бұрынырақ Камала Харрис вице-президент міндетін адал атқарамын деп ант берді.

Инаугурация Капитолий сарайының алдында өтті. Инаугурация кезінде Джо Байден 1893 жылдан бері  әулетінде сақталып келе жатқан Інжіліне қолын қойып, ант берді.

Джо Байден халыққа арнаған сөзінде "бүкіл американдықтардың президенті боламын"  деп уәде етті. Өзін қолдағандарға алғыс білдірген президент қолдамағандарға былай деді: "Бұл – демократия, бұл – АҚШ. Бейбіт түрде келіспеу бұл мемлекеттің ең мықты жағы шығар. Бірақ келіспеушілік жік-жікке бөлінуге әкеп соқтырмауы тиіс. Барлық американдықтардың президенті болуға ант етемін, Мен өзімді қолдағандар үшін де, қолдамағандар үшін де күресемін", - деді Джо Байден.

Өзінің үндеуінде Байден халықты бірігуге шақырды.

"Бізді бөліп жатқан күштер өте тереңде жатқанын білемін. Бірақ бұл жаңа нәрсе емес екенін де білемін. Біздің тарих – бұл үнемі американдық идеалдардың күресі. Ол идеалға сәйкес, бәріміз тең болып жаралдық. Бірақ расизм, нативизм, үрей, демонизация бізді әлдеқашан бөліп жарды".

Байден Дональд Трамптың атын атап, түсін түстемесе де, "қараңғы түнекті" артқа қалдыру керектігін айтты.

"Міне, біз бүлікшіл топ халық еркін тұншықтырып, демократияны тоқтатып, қасиетті жерден қуып шығу үшін зорлық-зомбылықты қолдана аламыз дескен сәттен бірнеше күн өткенде осында тұрмыз. Олардың дегені болған жоқ,  бүгін де, ертең де, еш уақытта да болмайды...

Соңғы апталар мен айлар бізге ауыр сабақ болды. Шындық та, өтірік те бар. Билік пен пайдакүнемдік үшін айтылатын өтірік бар. Бәріміздің азамат, американдық, әсіресе жетекші ретіндегі парызымыз бен жауапкершілігіміз бар. Жетекшілер конституцияны сақтап, халықты қорғау үшін жауапкершілікті мойнына алды. Ақиқатты қорғап, өтірікті жеңу үшін жауапкершілікті мойнына алды", - деді Байден.

Халыққа арнаған сөзінде Байден коронавирустан қайтыс болғандарға тағзым етіп, оларды бір минут үнсіздікпен еске алды.

Инаугурация рәсімін әнші Леди Гага АҚШ-тың әнұранын шырқап ашты. Инаугурацияға АҚШ-тың бұрынғы президенттері Барак Обама, Билл Клинтон, кіші Джорд Буш қатысты. Трамп инаугурация рәсімінен бірнеше сағат бұрын тікұшаққа отырып, Флоридадағы үйіне ұшып кетті. Ол АҚШ-тың соңғы 150 жыл тарихында келесі президенттің инаугурациясына қатыспаған алғашқы президент.

78 жастағы Джо Байден АҚШ тарихында президент қызметіне кіріскен ең қарт адам. Ал Камала Харрис – АҚШ тарихындағы алғашқы вице-президент әйел.

 

Байланысты жаналықтар

Джо Байден сырқаты жайлы хабардан кейін алғаш рет жұрт алдына шықты

25.05.2025

АҚШ президенті Дональд Трамп Джо Байденге қолдау білдірді

19.05.2025

АҚШ-тың экс-президенті​​​​​​​ Джо Байденге қатерлі ісік диагнозы қойылды

19.05.2025

Трамп Украинадағы соғыстың басталуына үш адамды кінәлады

15.04.2025

Джо Байден қызметінен кетерде Мессиге медаль табыстайды

09.01.2025

Байден Иордания королімен Асад режимі құлағаннан кейінгі аймақтағы жағдайды талқылады

10.12.2024
MalimBlocks
Джо Байден сырқаты жайлы хабардан кейін алғаш рет жұрт алдына шықты

АҚШ президенті Дональд Трамп Джо Байденге қолдау білдірді

АҚШ-тың экс-президенті​​​​​​​ Джо Байденге қатерлі ісік диагнозы қойылды

Трамп Украинадағы соғыстың басталуына үш адамды кінәлады

Ол бұған Ресей президенті Владимир Путин, АҚШ-тың бұрынғы президенті Джо Байден және Украина президенті Владимир Зеленский кінәлі деп айыптады

Джо Байден қызметінен кетерде Мессиге медаль табыстайды

Қаңтар айының соңында Байденнің саяси қызметі аяқталады

Байден Иордания королімен Асад режимі құлағаннан кейінгі аймақтағы жағдайды талқылады