Бақылаушыларды алдағы сайлауға дайындап жатыр

Мадина Қайнарова

  • 16.09.2024

«Ел дауысы» қорының басшысы Аида Жексенова Өскемендегі тәуелсіз бақылаушылармен кездесіп, тренинг өткізді.

Бұл жиында алдағы сайлауға дайындық мәселесі талқыланды. Тренингке қатысушылар бақылаушылардың жұмысының маңызды қырлары туралы сұрады. Олардың көбі сайлауға бақылаушы ретінде алғаш рет қатысқалы отыр.

Бақылаушылар сайлау учаскесіндегі заң бұзушылықтар мен алаяқтықтың алдын алуға көмектеседі. Олар заңға сәйкес әрекет етеді және дауыс беру мен дауыстарды санау процедураларының сақталуын бақылайды, заң  бұзушылықтарды тіркейді. Сондықтан олардың жұмысы аса үлкен жауапкершілікті талап етеді. Осы ретте Аида Жексенова бақылаушылардың құқықтары мен міндеттері және дауыс беру тәртібі жөнінде толыққанды мәлімет берді. Ол үгіт-насихат жұмыстарына неге араласуға болмайтынын және бейтарап көзқарас ұстанудың маңызы жайлы айтып өтті.

Айта кетсек, «Ел дауысы» қоры 2020 жылы құрылған, сайлау процесстеріне мониторинг жүргізеді, оның құрамына Қазақстандағы сайлаудың ашықтығын қалайтын белсенділер кіреді.

Бұған дейін Аида Жексенова Павлодар қаласында осындай тренинг өткізген екен. Одан кейін Семей, Өскемен қалаларына келген.

- Павлодарда бізде учаскеге егде жастағы адамдар шығатын болса, Өскемен мен Семейде жағдай басқаша – мұндағы тренингтердің аудиториясы негізінен студенттер мен жастардан тұрады, - дейді Аида Жексенова.

Алдағы күндері қор өкілдері Петропавл, Қостанай, Көкшетау қалаларына баратынын хабарлады.

Фото: Аида Жексенованың Facebook парақшасынан алынды

Байланысты жаналықтар

Ватиканда жаңа Рим папасы сайланды

08.05.2025

Ватиканда жаңа Рим папасын сайлау рәсімі басталды

07.05.2025

Фридрих Мерц екінші талпыныстан кейін Германия канцлері болып сайланды

06.05.2025

Серік Сәпиев жаңа қызметке сайланды

27.04.2025

Украина билігі президент сайлауын өткізуге келісті

22.03.2025

Лукашенко 86,82% дауыс жинады – Беларусь ОСК

27.01.2025
MalimBlocks
Ватиканда жаңа Рим папасы сайланды

Ватиканда жаңа Рим папасын сайлау рәсімі басталды

Фридрих Мерц екінші талпыныстан кейін Германия канцлері болып сайланды

Серік Сәпиев жаңа қызметке сайланды

Украина билігі президент сайлауын өткізуге келісті

Лукашенко 86,82% дауыс жинады – Беларусь ОСК