freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов палата жұмысына баға берді

Саясат
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов палата жұмысына баға берді
Фото: Мәжіліс

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов VIII сайланған ҚР Парламентінің төртінші сессиясындағы палатаның жұмысын қорытындылады, деп хабарлайды Malim.kz.

- Бұдан бөлек, депутаттық сауал секілді маңызды тетіктер де белсенді түрде жүзеге асты. Мемлекеттік органдарға 419 депутаттық сауал жолданып, азаматтарды толғандырып жүрген ең өзекті мәселелер көтерілді. Сонымен бірге, біз қалыптасқан дәстүр бойынша өңірлердегі кездесулер барысында сайлаушылар көтерген түйткілдерді шешу жолдары жөнінде Үкіметтің жауабын тыңдадық. Биылдың өзінде депутаттар 500 елді мекенді аралап, 1200 кездесу өткізді. Жұртшылықты қабылдау бөлмесіне 2327 адам жүгініп, депутаттардың қабылдауында болды. Мәселенің басым бөлігі сол жерде шешімін тапты... Жаңа атап өткенімдей, 2026 жыл ел шежіресіне алтын әріппен жазылады. Осы тарихи оқиғалардың бел ортасында өздеріңіз де жүрдіңіздер. Әр фракция, бір мандатты округтен сайланған әр депутат «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның Халық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясы жұмысына зор үлес қосты, - деді Ерлан Қошанов.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу