Бәс тіккен мемлекеттік қызметші жұмыстан қуылады – жаңа заң қабылданды

Сонымен қатар байланыс операторларына құмар ойындардың жарнамасы бар хабарламаларды жіберуіне тыйым салынды.

Берік Дәулетов

  • 05.06.2024

Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі, лотереялар және лотерея қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы екінші оқылымда қаралып, қабылданды, деп хабарлайды Malim.kz.

Жаңа заң туралы Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев пікір білдірді.

Өздеріңіз білетіндей, бұл ең көп талқыланған заң жобасы болды. Оның көтеріліп, заң жобасы ретінде әзірленіп, үздіксіз талқыланып келе жатқанының өзіне 2 жылдың жүзі толды. Үкіметтің қорытындысын алудың өзіне 1,5 жылдай уақыт кетті. Қоғамдық диалог алаңдарында да, Парламент қабырғасында да кеңінен талқыланды. Бұл осы мәселенің аса өзекті екендігін көрсетеді. Бұған Мемлекет басшысының өзі бірнеше рет арнайы тоқталып, оны ауыздықтау жөнінде нақты тапсырма берді, - деді ол.

Депутат заң аясында құмар ойындарға және бәс тігуге қатысуға шектеу қойылған адамдардың тізімі анықталғанын айтты. Оның сөзінше, құмар ойындарға өзіне-өзі тыйым салудың мерзімі 1 жылдан 10 жылға дейін ұлғайтылды. Енді өзіне тыйым салынған мерзімді ерте тоқтату мүмкін болмайды.

Егер адам ойнағысы келсе де, ойнай алмаса, онда бұл оның жауапкершілігі. Өйткені ол өзін-өзі шектеу құжатына қол қойған кезде барлық заңды міндеттемелерді саналы түрде қабылдаған еді, - деді Е. Бейсенбаев.

Белгілі болғандай, енді мемлекеттік қызметшілер, әскери қызметкерлер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, бюджеттік ұйымдардың басшылары бәс тіге алмайды. Бұл - шамамен 280 мың адам. Оларға ешқандай ескерту болмайды. Яғни бәс тіккен жағдайда бірден жұмыстан шығарылады.

Сонымен қатар байланыс операторларына құмар ойындардың жарнамасы бар хабарламаларды жіберуіне тыйым салынды. Сондай-ақ букмекерлік кеңселер мен казиноларды жарнамалау барынша шектелген.

Лицензиясы жоқ шетелдік букмекерлік кеңселердің, тотализаторлардың интернет ресурстарына, онлайн-казиноларға тыйым салынды. Енді онлайн-казиноларды ұйымдастырушыларды 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы ескерілген, яғни қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Фото: opennews.kz

Байланысты жаналықтар

5 сәуірден бастап тіркеуден өтпеген мопедтермен жүруге тыйым салынады

01.04.2025

Трамп «АҚШ тарихындағы шындықты қалпына келтіру» жарлығына қол қойды

28.03.2025

Мәжіліс депутаты Азат Перуашев Қазақстанда криптобанк құруды ұсынды

26.03.2025

Тоқаев Бюджет кодексіне қол қойды

15.03.2025

Бүгіннен бастап жол ережесін бұзғандарға жаңа айыппұл салынады

13.03.2025

Шымбұлақта қар көшкініне себеп болған шаңғышылар кімдер?

11.03.2025
MalimBlocks
5 сәуірден бастап тіркеуден өтпеген мопедтермен жүруге тыйым салынады

Трамп «АҚШ тарихындағы шындықты қалпына келтіру» жарлығына қол қойды

Мәжіліс депутаты Азат Перуашев Қазақстанда криптобанк құруды ұсынды

Оның пікірінше, бұл қаржы институты цифрлық активтердің айналымын заңдастыруға және реттеуге ықпал етеді

Тоқаев Бюджет кодексіне қол қойды

Бүгіннен бастап жол ережесін бұзғандарға жаңа айыппұл салынады

Шымбұлақта қар көшкініне себеп болған шаңғышылар кімдер?

Шаңғы курортының әкімшілігі оқиғаның хронологиясын жасады