Болат Әбілов Төлесоваға араша түсті

Malim Админ

  • 11.07.2020

Бір топ қазақстандық белгілі кәсіпкерлер азаматтық белсенді Әсия ТӨЛЕСОВАҒА араша түсті. Олар президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВҚА хат жолдады.

«Біз сіздің еститін мемлекет тұжырымдамаңызды қолдаймыз. Ол үшін ойын айтатын азаматтар болу керек. Біз Әсия Төлесованың ісін жеке бақылауыңызға алуыңызды сұраймыз. Әділ әрі ашық сот өтуін қамтамасыз етсеңіз», - делінген ашық хатта.

Қол қойғандардың арасында Болат ӘБІЛОВ, Ораз ЖАНДОСОВ, Асылбек ҚОЖАХМЕТОВ сынды бір кезде оппозицияда болған азаматтар бар. Және Еркін ТӘТІШЕВ, Еркін ТӘТІШЕВ, Нұржан БЕКШЕНОВ, Еркеш ШӘКЕЕВ сынды кәсіпкерлер қол қойған.

10-шы маусымнан бері қамауда отырған Әсия Төлесова қылмыстық кодекстің 378, 380 баптары бойынша айыпталып отыр. Яғни «билік өкілін қорлау» және «билік өкіліне күш қолданды» деген күдікке ілікті. Азаматтық белсенді Төлесованың үстінен алты бірдей полиция қызметкері шағымданып отыр.

2020 жылдың 6 маусым күні билікке қарсы митингіде Әсия Төлесова полицияның қалпағын қағып түсірген болатын. Куәгерлер қоғамдық белсендінің бұл әрекетін  полиция ұстаған азаматтарға араша түспек болды деп түсіндірген.

7 шілде күні Алматыдағы Медеу аудандық сотында Төлесоваға қатысты сот отырысы басталып та кетті. Егер судья Зарина МАХАРАДЗЕ күдіктіні кінәлі деп тапса, Төлесова үш жылға дейін сотталуы мүмкін.

Коллаж: МӘЛІМ.КЗ

 

Байланысты жаналықтар

«Бұл өте символикалық кездесу болды». Зеленский мен Трамп Римде не жайлы сөйлесті

27.04.2025

Тоқаев Оңтүстік Африка халқын азаттық күнімен құттықтады

27.04.2025

Тоқаев Иран президентіне көңіл айтты

26.04.2025

Тоқаев букмекерлік туралы заңға қол қойды

25.04.2025

Эммануэль Макрон: АҚШ ашуын Путинге бағыттауы тиіс

25.04.2025

Бозымбаев Семей орманындағы өртке қарсы жұмыстарды тексерді

25.04.2025
MalimBlocks
«Бұл өте символикалық кездесу болды». Зеленский мен Трамп Римде не жайлы сөйлесті

Тоқаев Оңтүстік Африка халқын азаттық күнімен құттықтады

Тоқаев Иран президентіне көңіл айтты

Тоқаев букмекерлік туралы заңға қол қойды

Эммануэль Макрон: АҚШ ашуын Путинге бағыттауы тиіс

Франция президенті Путиннің жалған сөйлеп отырғанын айтты

Бозымбаев Семей орманындағы өртке қарсы жұмыстарды тексерді