"Цифрлы Қазақстанға" қатысты қылмыстық іс қозғалды

Malim Админ

  • 21.07.2020

Бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев бірінші жартыжылдықты қорытындылауға арналған алқа отырысын өткізді. Алқа отырысында Алик Шпекбаев «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын іске асыруға байланысты пікірін ашық білдірді.
«Пандемия барлық мемлекеттерді қалыптасқан бизнес-үдерістерді қайта пішімдеу арқылы нақты мәселелерді шешуге ғана емес, өзгерістерді тиімді басқаруға шындап ойлануға мәжбүр етті. Қазіргі таңда мемлекеттік басқаруды жеделдетіп цифрландыру тақырыбы өзекті болып тұр. Коронавируспен күресудің үздік тәжірибелерін талдау Оңтүстік Корея мен Сингапур сияқты дамыған және нақты жұмыс істейтін мемлекеттік электрондық сервистері бар елдер пандемияны тез арада тоқтата алатындығын көрсетті», – деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы.
Алик Жатқамбайұлының айтуынша, бюджет қаражатын жымқыруға жол бермей, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға барынша ден қою қажет. «Осы тұрғыда қазіргі уақытта Цифрлық даму мен Білім және Ғылым министрліктерінің жоғары лауазымды тұлғаларына қатысты цифрландыру бойынша екі қылмыстық істі тергеп жатқанымызды айтқым келеді» деді агенттік төрағасы Алик Шпекбаев.
Кеше ғана президент Тоқаевтың жарлығымен Асқар Қуанышұлы Жұмағалиев Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі қызметінен босатылған еді. Ал Асхат Аймағамбетов басқарып отырған министрліктің жұмысына Тоқаев сын айтқан болатын

Байланысты жаналықтар

Депутат кім болуы керек?  Парламентке әртістер қажет пе?  

09.02.2023

«Жыр» болған LRT құрылысы аяқталатын секілді

02.02.2023

Сайлау елді бөлетін емес, біріктіретін науқан болуы керек – Тоқаев

26.01.2023

Тоқаев Сенат төрағалығына Әшімбаевты қайта ұсынды

26.01.2023

Мәжіліс пен мәслихат сайлауының өтетін күні мәлім болды

19.01.2023

Мені жамандай бер! – Аймағамбетов несімен есте қалды?

05.01.2023
MalimBlocks
Депутат кім болуы керек?  Парламентке әртістер қажет пе?  

Елдегі ерінбегеннің бәрі депутат болудан дәмелі

«Жыр» болған LRT құрылысы аяқталатын секілді

Үкімет қосымша 20 миллиард теңге бөлген

Сайлау елді бөлетін емес, біріктіретін науқан болуы керек – Тоқаев

Олар дауыс жинау үшін түрлі тәсілдерді қолданады

Тоқаев Сенат төрағалығына Әшімбаевты қайта ұсынды

Әшімбаев бұл лауазымда 3 жыл отырған

Мәжіліс пен мәслихат сайлауының өтетін күні мәлім болды

Мәжіліс депутаттарының 70 пайызы партиялық тізім арқылы сайланады

Мені жамандай бер! – Аймағамбетов несімен есте қалды?

Кешегі тағайындаулардың ішінде елдің назарын ерекше аударған – Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетовтің орнынан кетуі болды. Үш жарым жыл бойы министр болған Аймағамбетовті қимайтындар аз емес екен.