"Дикий" Арманның досы Бақтияр Артаев қайда жүр?! 

«Бауырының» ісі кесірін тигізді ме, қазір спортшы ел көзінен таса. Олимпиада чемпионы шет елде жүр деген сыбыс бар.

Malim Админ

  • 08.04.2022

«Дикий» Арманмен араласқалы бері Бақтияр Артаевтың жолы жабылған сияқты. Соңғы жылдары көпшілік Артаевтың «қылмыс әлемінің серкесімен» жақын араласатынын білді. 


Олимпиада чемпионы жеңісінен соң қызметте жылдам көтеріле бастаған еді. Бокс федерациясының вице-президенті, мемлекеттік жаттықтырушы болды. Спортшының қызметтегі «даңғыл жолына» Жұмагелдиев кедергі болғандай.  
Қаңтар оқиғасы кезінде Бақтиярдың досы «ұйымдасқан қылмыстық топты басқарды» деп қамауға алынды. Жағдай қиындағанда «Дикий Арманның» алдында  ән салып, уыс-уыс ақша алған әншілер тілсіз қалған. Бақтияр жалғыз өзі оны жақтап, қамаудан босатуды сұрады.  Мәлімдемесінде «Жұмагелдиев үшін жүрегім ауырады» деп аяныш білдірген. Осы жазбасынан кейін көп ұзамай қызметінен қуылды.  

Естеріңізде болса, Арман Жұмагелдиев Белградта өткен жарыста ұтылған спортшыларға қомақты ақша таратты. Көпшілікті елең еткізген жайт халық арасында да көп талқыланған-ды. Бір топ «Дикий Арман маңайына күрзі жұдырықты жігіттерді жинап жатыр» десе, енді бірі «ол спортқа араласа бастады» деп гу  ете түскен. Осы жайттан соң Арман мәлімдеме жасағанда Бокс федерациясының вице-президентіБақтияр Артаев қасынан табылды. «Қылмыс серкесінің» бұл әрекетін Олимпиада чемпионы түсіндіруге тырысып, інілеріне қолдау көрсетіп жатыр деп ақтаған еді. 

Бақтияр Артаевтың «Дикий Арманға» араша сұраған жазбасы әлеуметтік желідегі парақшасына 10 ақпанда шыққан. Одан бері екі ай өтті. «Бауырының» ісі кесірін тигізді ме,қазір спортшы ел көзінен таса. Ұзынқұлақтан естуімізше, Артаев  елден кетіп, шетелде бой тасалап жүр деген сыбыс бар.Жұмагелдиевтің қамалуы Артаевтың да қуғындалуына себепші болды ма екен?!


 

Байланысты жаналықтар

Тоқаев Мәсімовке рақымшылық жасау мәселесіне нүкте қойды

23.07.2024

Қаңтар оқиғасы: ҰҚК экс-қызметкері Самат Әбіштен бұйрық алған

18.09.2023

Тараз тұрғыны қаңтар оқиғасында ҰҚК шендісін өлтірді деген айыппен 16 жылға сотталды

04.05.2023

Қаңтарда көлігінде жанып кеткен желтоқсаншылардың ісі тоқтатылды      

11.04.2023

«Әуежайды басып алу ісі». Сотталушылар кінәсін мойындамады

04.04.2023

Қаңтарда шерушілерді азаптаған Күдебаев шетелге қашты

03.04.2023
MalimBlocks
Тоқаев Мәсімовке рақымшылық жасау мәселесіне нүкте қойды

Мәсімовтің өтініші президент жанындағы кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссияда қаралды

Қаңтар оқиғасы: ҰҚК экс-қызметкері Самат Әбіштен бұйрық алған

Жауаптардың құпия болуы Самат Әбішті жасырып қалу үшін жасалған

Тараз тұрғыны қаңтар оқиғасында ҰҚК шендісін өлтірді деген айыппен 16 жылға сотталды

Аталған сот ел арасында "аруақтар соты" деген атаумен сынға ұшырады

Қаңтарда көлігінде жанып кеткен желтоқсаншылардың ісі тоқтатылды      

"Төтенше жағдай кезіндегі әрекеті заңды" деп жазылған. 

«Әуежайды басып алу ісі». Сотталушылар кінәсін мойындамады

Оларға ҰҚШҰ әскерінің келуіне жол бермес үшін тәртіпсіздік ұйымдастырды деген айып тағылды

Қаңтарда шерушілерді азаптаған Күдебаев шетелге қашты

Бір жылдан бері оны ұстау «мүмкін» болмады