«Дрондар коалициясы» Украинаға ай сайын ондаған мың дрон береді

Malim Админ

  • 20.12.2024

Фото: rus.lsm.lv

Халықаралық «Дрондар коалициясы» қаңтардан бастап Украинаға дрондарды жеткізуді айтарлықтай арттырады. Бұл туралы Ұлыбритания қорғаныс министрінің орынбасары мәлімдеді, деп хабарлайды ВВС агенттігі.

«Мен қаңтарда «жылдамдықты үдету» айтарлықтай жүзеге асатынын растай аламын: біз ондаған мың дронды теңіз коалициясы және дрондар коалициясы арқылы жеткізуді бастаймыз, бұл коалицияны Ұлыбританияның Біріккен королдігі біздің норвегиялық және латвиялық серіктестерімізбен бірге басқарады», – деді Палатадағы Украинаға көмек көрсету жөніндегі есеп кезінде Қорғаныс министрінің Қарулы күштер жөніндегі орынбасары Люк Поллард.

Биылғы жылдың ақпанында сол кездегі НАТО-ның Бас хатшысы Йенс Столтенберг Украина одақтастары жыл соңына дейін елге миллион дрон жеткізуді жоспарлап отырғанын хабарлаған болатын. Алайда, бүгінге дейін «Дрондар коалициясы» елдері тарапынан бірнеше мың ғана дрон жеткізілгені немесе тапсырыс беру туралы мәліметтер жарияланды.

Украина Қорғаныс министрлігі бірнеше күн бұрын осы жылы әскерге 1,2 миллион дрон жеткізгенін, оның ішінде 1,1 миллион FPV дрондары (камикадзе дрондары) бар екенін хабарлады.

«Дрондар коалициясына» Украинамен бірге 16 мемлекет кіреді: 13-і НАТО елдері, сондай-ақ Канада, Австралия және Жаңа Зеландия бар.

Байланысты жаналықтар

Мәскеудегі әуежайлар жабылды

26.12.2024

Молдова президенті Ресейге ескерту жасады

25.12.2024

Украина ауқымды шабуылға ұшырады. Рождестово мерекесінің берекесі кетті

25.12.2024

Англия: Ресей әр күні 2030 әскерінен айырылып жатыр

24.12.2024

Зеленский: Путиндікі ессіздік

19.12.2024

Ресей Ростовқа ATACMS зымырандарымен шабуыл жасалды дейді

19.12.2024
MalimBlocks
Мәскеудегі әуежайлар жабылды

Молдова президенті Ресейге ескерту жасады

Украина ауқымды шабуылға ұшырады. Рождестово мерекесінің берекесі кетті

Англия: Ресей әр күні 2030 әскерінен айырылып жатыр

Зеленский: Путиндікі ессіздік

Ресей Ростовқа ATACMS зымырандарымен шабуыл жасалды дейді

Қорғаныс министрлігі әуені қорғау жүйелері ATACMS ракеталарының бәрін және «Storm Shadow» қанатты зымыранының үшеуін атып түсіргенін мәлімдеді.