Дүниежүзілік банк: Украинаны қалпына келтіруге 524 миллиард доллар керек

Аялдар Күнтуған

  • 25.02.2025

Дүниежүзілік банк, БҰҰ, Еуропалық комиссия мен Украина үкіметінің сарапшылары Украинаны толықтай қалпына келтіруге 524 миллиард доллар керек деп отыр. Бұл туралы «Америка дауысы» жазды.

Жаңа зерттеу басқыншылық басталғаннан 2024 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі кезеңдегі деректерді қамтиды.

Зерттеуде қалпына келтіру құны өткен жылғы 486 миллиард доллармен салыстырғанда 7%-дан астамға өскені атап көрсетілген.

Тұрғын үй секторына, көлікке, энергетикаға, саудаға және білім жүйесіне ең көп залал келген.

Соңғы бағалауларға сәйкес, Ресей шабуылының Украинаға тікелей залалының жалпы көлемі 2024 жылғы ақпандағы 152 миллиард доллардан 176 миллиард долларға дейін өскен.

2,5 миллионға жуық үй шаруашылығы бүлінген немесе толықтай қираған. Бұл елдегі жалпы тұрғын үйдің шамамен 13%-ын құрайды.

Сондай-ақ, энергетика саласындағы зақымдар өткен жылмен салыстырғанда 70%-ға артқан. Электр энергиясын өндіру, тарату және жеткізу, сондай-ақ орталықтандырылған жылу жүйелеріне зақым келген.

Фото: WFP / В. Песенти

Байланысты жаналықтар

Ресей Украинаға 200-ден аса дронмен шабуыл жасады

18.05.2025

АҚШ-тың Украинадағы бұрынғы елшісі: Мен қызметтен Трамп үшін кеттім

17.05.2025

Ыстамбұлда Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер аяқталды

16.05.2025

Түркияда Ресей-Украина келіссөзі өтіп жатыр

16.05.2025

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

16.05.2025

Зеленский Түркиядан Албанияға кетті

16.05.2025
MalimBlocks
Ресей Украинаға 200-ден аса дронмен шабуыл жасады

АҚШ-тың Украинадағы бұрынғы елшісі: Мен қызметтен Трамп үшін кеттім

Ыстамбұлда Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер аяқталды

Түркияда Ресей-Украина келіссөзі өтіп жатыр

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, кездесу "логистикалық мәселелерге" байланысты өтпей қалған

Зеленский Түркиядан Албанияға кетті