Екінші президенттің ерекшелігі

Malim Админ

  • 16.05.2020

Ертең Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күні. Мемлекет басшыларымен қатар, еліміздегі әртүрлі шенеуніктер сый жасауға, құттықтауға тырысатыны анық. Бірақ Тоқаев бұны білгендей, сезгендей алдын-ала тыйып тастапты. Ол туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли фейсбук парақшасында жазды.

«Соңғы күндері бірқатар ақпарат құралдарының өкілдері "Мемлекет басшысы туған күнін қалай атап өтеді?" деген сауал жолдап жатыр.

Биылғы 17 мамыр жексенбі күніне сәйкес келіп отыр. Сондықтан Қасым-Жомарт Кемелұлы үйінде жұмыс істейді. Аталған датаға орай ешқандай шара өтпейді. Тіпті, Президент Әкімшілігінің қызметкерлеріне туған күнімен құттықтамау, естелік сыйлықтар тарту етпеу туралы ескерту жасалды. Президент бұл күнді тойлағанды ұнатпайды. Өйткені ол кісінің отбасында балалардың да, ересектердің де туған күні тойланбайды екен. Ондай дәстүр қалыптаспаған.

Дегенмен ертең Қасым-Жомарт Кемелұлын туған күнімен көршілес мемлекеттердің басшылары телефон арқылы құттықтайды деп күтілуде. Қазірдің өзінде көптеген Мемлекет және Үкімет басшыларының, Парламент төрағалары мен халықаралық ұйым жетекшілерінің құттықтаған жедел хаттары келіп жатыр. Мұндай құттықтаулар ертең кешке дейін әлі де жалғаса береді деп ойлаймын», – деп жазды Б. Уәли.

Туған күнді үйінде тойламаса да, туған күн тойланбай қоймайтын елде өмір сүретін Тоқаевтың алдында жарқын үлгі бар. Н.Назарбаевтың саясатын жалғастырам дегенмен, тура соның жолымен жүрмеймін дейтіндей қадам жасапты екінші президент.

Фотоны түсірген Анар Бекбасова

Байланысты жаналықтар

Тоқаев биыл да туған күнін тойламайды

15.05.2025

Тоқаев көлік саласындағы кемшіліктер үшін Марат Қарабаевқа сөгіс берді

14.05.2025

Ұлттық банк өкілдері Тоқаев алдында есеп берді

13.05.2025

Тоқаев пен Абу Дабидің Тақ мұрагері өзара ынтымақтастық бойынша құжат алмасты

12.05.2025

Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады

10.05.2025

Путин Кемел Тоқаевты марапаттады

09.05.2025
MalimBlocks
Тоқаев биыл да туған күнін тойламайды

Тоқаев көлік саласындағы кемшіліктер үшін Марат Қарабаевқа сөгіс берді

Ұлттық банк өкілдері Тоқаев алдында есеп берді

Тоқаев пен Абу Дабидің Тақ мұрагері өзара ынтымақтастық бойынша құжат алмасты

Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады

Путин Кемел Тоқаевты марапаттады